№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қарғын суға дайындық

Қарғын суға дайындық


Биыл қыс қатты бола қойған жоқ, қардың да қалың болғанын көрмедік. Бірақ «апат айтып келмейді», осыны естен шығармауымыз керек. Таудан келетін қарғын су мен дарияның тосын мінезіне дайын болғанымыз жөн. Әзірге Сырдың өзені арнасынан аса қойған жоқ. Күн күрт жылып, мұз қатқан аумақтар еріп, өзеннің өзегі толса дейміз. Арнасынан асып кететін болса дария бойлай қоныстанған ауылдар мен кентке қауіп бар. Төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою бойынша, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында «Көктем – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.


«2025 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайла­рындағы төтенше жағдайларды жою кезінде­гі іс-қимылдарға АҚМЖ-нің басқару органда­рын, күштері мен құралдарын дайындау» та­қырыбында өткен жаттығу барысында барлық құрылымдар мен техникалардың әлеуеті тағы бір пысықталды. Азаматтық қорғау қызметтерінің қажетті арнайы техникаларының дайындығы мен инертті материалдарының нақты көлемдері түгенделді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақтияр Ахметов басшылық етіп, өз кезегінде әрбір бөлімшеге назар аударып, жаттығу кезінде олардың тиімді жұмыс жасауын тексерді. Оқу-жаттығу шарасына қатысқан жауапты мекемелер су тасқыны орын алған жағдайдағы өз міндеттерін іс-қимыл әрекеттерімен көрсетіп, атқаратын жұмыстарын түсіндіріп берді.
– Қызмет басшыларын тыңдау жүргізіліп, төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын техникаларға саптық қарау өткізілді. Барлығы 150 адам мен 52 бірлік техника саптық қарауға тұрғызылды. Сонымен қатар, практикалық кезеңге Жайылма ауылындағы Жігерлім каналын белгіленіп, ондағы су деңгейі көтерілген кезде бұзылған канал арнасын қалпына келтіру бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу жаттығуға, инженерлік қызметтен 5 адама, 3 техника, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінен 4 адам 1 техника, барлау тобынан 4 адам 1 техника, жолдар мен көпірлер қызметінен 3 адам, 2 техника және өрт сөндіру қызметінен 5 адам 1 техника қатыстырылды, – деді төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы
Төтенше жағдайлар кезінде халықты жи­нақтау және құабылдау бекеттерінің мақсаты да тексерілді. Алдымен №6-шы эвакуациялық жинақтау бекеті, яғни, Жайылма ауылы, №195 мектеп-гимназиясының базасында орналасқан нысан тексерілді. Ауылдық округінің аумағы­нан өтетін «Жігерлім» каналының ішін таза­лау, жағалауларын көтеру жұмыстарын жүр­гізу бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Келесі кезекте, кенттегі №110 лицейінің базасында орналасқан №7-шы эвакуациялық қабылдау бекетіне келдік. Мұнда «Жиделі» су қоймасынан су тасуы кезінде халықты көшіру іс-қимылдарын пысықтау мақсатында эвакуациялық қабылдау және жинақтау пунктерінің жұмыстары жүйеленді.
«Көктем – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде берілетін басқару шартты белгілерінің тізбесіне сәйкес, шартты белгілер қабылданып, АҚ пен ТЖ-дың қызмет басшыларына, мекеме, кәсіпорын және ұйым басшыларына жеткізілгендігі хабарланды. Жаман айтпай жақсы жоқ, демекші көктем шыға күннің жылуынан дарияның деңгейі көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдайлар жиі болып тұрады, сол секілді таудың қарғын суы да көлемінен көп келсе төтеп бере алмай қалуымыз да мүмкін. Осылардың алдын алу мақсатындағы жаттығу жұмысы әлі де күшейтіледі.

Әли ТЕМІРБЕК
08 ақпан 2025 ж. 304 0