№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ қысқы-көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын ден қоюға дайындау бағытында облыс көлемінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.
Бүгін Сырдария өзенінің сол жағалауында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстарының I-кезеңіне қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай және әр саланың жауапты мамандары қатысып, қаланың азаматтық қорғау қызметтеріне саптық қарау жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі Рисмаш шағын ауданындағы қорғаныс бөгеті тұсында өткізілді. Оқу-жаттығуға Азаматтық қорғаудың кіші жүйелерінен 39 техника және 119 адам жұмылдырылды.
Айта кету керек, аталған іс-шараның мақсаты 2025 жылғы қала аумағын су басу қаупі бар аймақтардағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою кезіндегі алғашқы іс-әрекеттерді пысықтау.
07 ақпан 2025 ж. 595 0