Ауданда «Қыс-2023» оқу-жаттығуы өтті
Бүгін Жаңақорған ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын дайындау мақсатында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Аталған оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов қатысып, аудан деңгейінде төтенше жағдай орын алған кезде оны жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдардың әзірлігін тексерді. Алдымен инженерлік қызметтің техникаларымен танысып, қысқа дайындығын бағамдады. Қыс мезгілінде көрсетілетін қызметтерге дайын құрылымдар қатарында энергетика қызметі, байланыс қызметі, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, медициналық қызметі, жолдар мен көпірлер қызметі, көлік қызметі, өртке қарсы қызметі, жанар-жағармай материалдар қызметі, жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметі, ақпарат қызметі, радиациялық қорғау қызметі, химиялық қорғау қызметі, сауда қызметтері бар.
Бұл құрылымдардың барлығы аудан әкімінің орынбасарына қысқа дайын екендіктерін баяндады. Оқу-жаттығуға барлығы 37 техника, 110 адам қатыстырылды. «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың соңында аудан әкімінің орынбасары барлық құрылымдардың өкілдерін қыс мезігілі келе жатқандықтан, қай уақытта болмасын әзір болу қажет екенін айтып, азаматтық қорғау қызметі мен құрылымдардың жұмысына сәттілік тіледі.
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Аталған оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов қатысып, аудан деңгейінде төтенше жағдай орын алған кезде оны жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдардың әзірлігін тексерді. Алдымен инженерлік қызметтің техникаларымен танысып, қысқа дайындығын бағамдады.

.