№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу

«Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу

Жаңақорған ауданында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.\
Жаңақорған ауданында 2020 жылғы 25-26 ақпан күндері аралығында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың тақырыбы: «2020 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіннің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».
Оқу жаттығу барысында төтенше жағдайлардың қатері және туындаған кездегі азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың әзірлігі мен қабілет деңгейін тексерілді.
2020 жылдың 25 ақпан күні Жаңақорған кенті, Құрманғазы көшесі бойына көктем кезеңіндегі төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылатын авариялық – құтқару құрамаларының саптық қарауы өткізілді. Саптық қарауға Жаңақорған аудан бойынша су тасқыны кезінде жедел әрекет ету күш, құралдарынан 16 құрылымда, 215 адам, 62 техника қатысты.
№1 оқу орны 2020 жылдың 25 ақпан күні 11 сағат 00 минутта Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің күн батыс жақ бетінде су басу қаупі төнгенде басқару органдарының, авариялық құтқару күштері мен құралдарының іс-қимылы тақырыбы бойынша оқу жаттығу өткізілді. Бұл оқу – жаттығуға: 9 құрылымда, 64 адам, 13 техника қатыстырылды.
№3 оқу орны 2020 жылдың 26 ақпан күні 09 сағат 00 минутта «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық автожолын таудан келген қарғын судың су басу қаупі төнгенде басқару органдарының, авариялық құтқару күштері мен құралдарының іс-қимылы тақырыбы бойынша оқу жаттығу өткізілді. Бұл оқу – жаттығуға: 12 құрылымда, 74 адам, 17 техника қатыстырылды.
Сондай-ақ оқу жаттығудың жоспарына сәйкес, Сырдария өзенінің қауіпті аймағанда орналасқан Көктөбе ауылының тұрғындарын көшіру мақсатында №89 жалпы орта мектебінің базасындағы №2 эвакуациялық жинақтау пункті мен Қандөз ауылында орналасқан №240 жалпы орта мектебі базасындағы №5 эвакуациялық қабылдау пунктерінің дайындықтары тексерілді.
27 ақпан 2020 ж. 739 0