Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тасқынға тосқауыл керек

Тасқынға тосқауыл керек



Соңғы уақытта Алматы қаласында болып жатқан төтенше жағдайлар ел аумағында табиғи жағдайларға сақтықты ескерткендей. Табиғаттың тосын мінезі десе де қандай жағдайға да дайын тұрған абзалырақ. Қазақта «апат айтып келмейді», дейді. Біздің өңірімізде басты қауіп таудан келетін қарғын су мен дария арнасының тасуынан, бұл қыс мезгілінде орын алып жатады. Осыны ескеріп, дайындық жұмысын пысықтап алуды мақсат тұтқан оқу-жаттығу жиыны өтті. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Көктем-2024» республикалық командалық оқу-жаттығу шарасына барлық сала, құзырлы органдар мен өндіріс орындары жұмылдырылды.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Бекболат Шәріпбеков, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Берік Омаров қатысып, басқару органдарының күштері мен құралдарының даярлығы пысықталды. Жиында көктем маусымы кезіндегі су тасқыны салдарынан орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың қатерлі кезеңдерін жою үшін шартты оқужаттығу командалары берілді. Төтенше жағдайлар кезіндегі электр желісі мен байланыс торабын қалпына келтіру, өртке қарсы қызмет, медициналық көмек көрсету, электр қуатымен қамтамасыз ету, газ жүйесі бойынша апаттық қызметі, жолдар мен көлік және жанар-жағармаймен қамту қызметтерінің дайындығы пысықталды. Бұған қосымша азықтүлік және медициналық препараттар қорын құру мәселесі де қаралды. Сонымен қатар шара барысында су басу қаупі туындаған жағдайда қауіпті сейілту үшін қашыртқы арық қазу және дамбыларды нығайту қажеттілігі ескеріліп, дер кезінде апат салдарын жоюға бағытталған тиісті жұмыстар атқарылды.
– Барлық құрылымдар өздеріне тиісті қызметті атқаруға әзір. Тиісті практикалық жаттығуға қатысуда. Аудан бойынша Сырдария өзенінен ағып жатқан судың көлемі 200 текше метр. Мұздан таза, ешқандай қауіп жоқ. Дайындық жұмысын әлі де пысықтаймыз, – деді Б.Омаров. ҚР Төтенше жағдайлар министрінің және Қызылорда облысы әкімінің 2024 жылдың 23 қаңтардағы №289 ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес, Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондайақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында, аудан аумағында 2024 жылғы 8-9 ақпан аралығында «Көктем – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдай кезіндегі ісқимылдарға азаматтық қорғау, мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау. Оқу-жаттығу барысында аудандық азаматтық қорғаудың 14 қызметі дабыл бойынша Жаңақорған кентіне жиналып, саптық қарау өткізілді. Саптық қарауға аудандық азаматтық қорғау қызметінен 146 адам, 53 техника қатыстырылды. Байкенже ауылындағы «К-2» каналында су деңгейі көтерілген кезінде бұзылған канал арнасын қалпына келтіру бойынша арнайытактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Арнайы-тактикалық жаттығуға 18 адам 6 техника жұмылдырылды. «Қыраш» су қоймасында су тасуы кезіндегі төтенше жағдайлардан халықты көшіру барысында эвакуациялық қабылдау және жинақтау бекеттері жұмыстарының ұйымдастырылуын қарап, дайындығы тескерілді. Барлық өткізілген практикалық оқу-жаттығу тиісті басшылықпен қорытындыланып отырды

Әли Темірбек

10 ақпан 2024 ж. 219 0