№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «ӘЛШЕКЕЙ» ХАЛЫҚТЫҚ ҰЛТ-АСПАПТАР ОРКЕСТІРІ, «АЙСЫНОВТАР» ХАЛЫҚТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫ

«ӘЛШЕКЕЙ» ХАЛЫҚТЫҚ ҰЛТ-АСПАПТАР ОРКЕСТІРІ, «АЙСЫНОВТАР» ХАЛЫҚТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫ


Бесарық ауылдық клуб кәсіпорны жанындағы «Әлшекей» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі «Айсыновтар» халықтық отбасылық ансамблінің көркемдік кеңесі алдағы жоспарларды талқылау үшін бас қосты. Ауыл мәдениетін көтеруге мұрындық болып жүрген «Әлшекей» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі, «Айсыновтар» халықтық отбасылық ансамблінің тек ауылда емес, облыс орталығы мен аудан орталығындағы ірі іс-шараларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін тынбай еңбек етумен қатар материалдық базаның да тигізер септігі мол. Осы мәселелерді ортаға салған кеңес мүшелері өзара қызу талқылап, клуб директорына өз ұсыныстарын жеткізді.
Шығармашылық – әрдайым дамып, қозғалыс үстінде болатын дүние. Оркестр, ансамбль репертуарлары жылда жаңа шығармалармен толығып, кейін көрерменге жол тартып, өнер сүйер қауымды қуанышқа бөлейді. Бесарық ауылдық клуб кәсіпорны жанындағы «Әлшекей» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі мен «Айсыновтар» халықтық отбасылық ансамблі алғашқы көктем мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне де дайындығын бастап кетті.
06 ақпан 2025 ж. 237 0