“Зұлым шөптің тұзағы”
Бір күні…
Әмір есімді жігіт әдемі ауылда өмір сүрді. Ол өте жігерлі, арманы асқақ бала еді. Бір күні ауылға бейтаныс адам келіп, өзімен ерекше шөпті ала келді. Ол шөпті “бақыт шөбі” деп атап, Әмірге:
– Бұл шөп сені қуантады, қиындықтарыңды ұмыттырады. Бәрі саған қызығатын болады, – деп ұсынады. Әмір әуелі бас тартты, бірақ әлгі адам оны қайта-қайта мақтап, шөпті сынап көруге көндірді.
Алғашында Әмір өзін ерекше сезінді. Күні бойы күліп, жеңіл жүргендей болды. Бірақ уақыт өте келе денсаулығы нашарлап, ештеңеге зауқы соқпай қалды. Бұрынғыдай достарымен ойнау, оқуға бару ұмытылды. Есірткіге тәуелді болып, жаңа “бақытты” тағы іздеп, әлгі адамнан шөп сұрай берді
Оны Айжан есімді досы байқап:
– Әмір, сен қатты өзгеріп кеттің. Бізге бәрін айт, – деді. Әмір басында мойындамады, бірақ шындықты жасырмайтынын түсінді. Айжан ауыл ақсақалына барып, көмек сұрады.
Ақсақал әлгі адамның шөптері есірткі екенін анықтап, оны ауылдан қуып шықты. Ал Әмірге оңалу үшін барлығына көмектесуге кеңес берді. Айжан мен достары оны ешқашан жалғыз қалдырмады, бірге ойнап, өмірге деген қызығушылығын қайта оятты. Әмір есірткінің зияны туралы біліп, енді тек өз арманына жету үшін еңбек етуге уәде берді.
Есірткі – уақытша “қуаныш” емес, өмірді құрдымға жіберетін зұлымдық. Әрдайым қиындықты достардың көмегімен жеңіп, өз болашағыңды қорғау керек!
Мерей Әмірбекова,
56 орта мектептің
9 «б» сынып оқушысы
56 орта мектептің
9 «б» сынып оқушысы