№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Ақылды қарға (Есірткі жайлы ертегі)

Ақылды қарға (Есірткі жайлы ертегі)

Ақылды қарға (Есірткі жайлы ертегі)
       Баяғыөткен заманда  бір орманда әртүрлі өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктер бейбіт өмір сүріпті.Бір күні орманға бұрын-соңды болмаған ерекше өсімдік –«Көлеңке шөбі»деген шөп пайда болыпты.Бұл шөптің иісі өте жағымды болғандықтан,оны көруге бәрі асық еді.Бірақ оның сыры мен қауіптілігін ешкім білмепті.
«Көлеңке» шөбі ормандағы жануарларға:
-Мен сендерді керемет сезімге бөлеймін.Мені бір рет пайдаланып көрсеңдер барлық мұңдарыңды ұмытасыңдар,-деп уәде береді.
      Алғашында оны кішкентай тиін байқап,қызығып бір жапырағын жеді. Шөп шынымен ерекше сезім берді, ол өзін аспанда қалқып ұшып жүргендей сезінді.Қуанып, күле берді, күле берді. Өзін әлемдегі ең бақытты тиін санады. Бірақ біраз уақыттан кейін ол әлсіреп, басы айнала бастады. Жүрегі айнып, құсқысы келді. Бір сәтте өзін бақытсыз сезініп, жылай бастады. Басқалардан кінә іздеп, тиісетін жан таппады. Ол тағы да сол шөпті жегісі келіп,қайта-қайта іздей бастады.
    Тиінді көрген басқа жануарлар да қызығып ,”Көлеңке” шөбін жей бастады.Олар шөпті жегенде өзін бақытты сезінгендей көрінгенімен, дәл тиіннің басынан кешкенін кешіп, біртіндеп әлсірей бастады. Орманда тәртіп бұзылып, бұрын тату-тәтті өмір сүрген аңдар ұрысып, бірі-бірінен шөпті тартып ала бастады. Қоянның жүні түсіп, аюдың күші кетті, құстар ұшуды ұмытты.
       Бір күні алыс жақтан ақылды қарға ұшып келді.Ол орманның қандай жаман ортаға айналғанын көріп, себебін  іздей бастады. Жануарлардан сұрастырып,”Көлеңке” шөбінің зиянын түсінді. Сонда қарға былай деді:
-Бұл шөп-жалған бақыт береді,бірақ шынайы өміріңді құртады.Бұдан құтылмасаңдар орман жойылып кетеді!Бұл шөпті түгел жұлып, отқа жағайық. Қалған қара күлін де жер астына көміп тастайық,-деді.
      Қарғаның кеңесімен аңдар шөпті түгел жұлып,отқа жақты, күлін жерге терең шұңқыр қазып, көміп тастады. Ал әлсіреген жануарлар біртіндеп табиғи азықтарын жеп, қайта күш -қуат жинады.Олар  енді ешқашан өздері білмей жатып, қауіпті нәрсеге қызығуға болмайтынын түсінді.Содан бері орман тұрғындары бір нәрсенің жылтыр сыртқы көрінісіне алданбай ,оның салдарын ойлауды үйренеді.Олар есірткінің ешкімге жақсылық әкелмейтінін,керісінше , өмірді құрдымға жіберетінін мәңгі есінде сақтады. 
        Бұл ертегі бізге кез келген зиянды нәрседен аулақ болу керектігін ескертеді.Шынайы бақыт-денсаулық пен жақындарымыздың амандығында.


Ыдырысов Жарас
М.Қаратаев атындағы №51 орта мектебі
8а-сынып оқушысы

15 қаңтар 2025 ж. 1 689 0