Метапневмавирус: әсері мен алдын алу жолдары
Қазіргі таңда БАҚ беттерінде Қытайда өршіп тұрған вирус туралы ақпараттар халық арасында кеңінен тарап, үрей тудыруда. Оның қауіптілігі, таралу жолдары, алғашқы белгілері туралы ақпаратпен қатар аталған дерт Қазақстанда да ақпарат бар.
Қазақстанда бұл инфекцияның 31 жағдайы нақтыланған, Жалпы бұл вирус бұрыннан бар және ол жіті респираторлы вирустық инфекциялардың (ЖРВИ-дің), оның ішінде пара тұмаудың (парагриптің) қатарына жататынын білген жөн. Метапневмовирустың алғашқы белгілері кәдімгі тұмаудың белгілерінен айырмашылығы жоқ деп есептеледі, дегенмен кішкентай балаларда, әртүрлі аурулармен диспансерлік есепте тұратындарда, әсіресе тыныс алу жолдарының ауруларымен есепте тұратындар мен қарттар арасында ауырлау өтеді деп болжанады. Сонымен қатар бұрын ковидпен ауырғандар да сақ болуы керек.
Аурудың алғашқы белгілері:
1. Мұрынның бітелуі немесе су ағуы.
2. Құрғақ немесе ылғал жөтел, тамақтың ауыруы.
3. Дене қызуының көтерілуі (38 градустан жоғары болуы).
4. Тәбеттің төмендеуі.
5. Шаршау және әлсіздік.
6. Демікпе немесе тыныс алудың қиындауы (әсіресе созылмалы аурулары бар адамдарда).
7. Құлақтың немесе бастың ауруы.
Жалпы тұмаудың, ЖРВИ-дің ең өршитін уақыты қазан-қаңтар айларының аралығында болуда. Сондықтан бұл инфекцияның өршуі де осы мезгілге тура келуі мүмкін, дегенмен анау айтқан қорқатын дүние емес дейді ғалымдар.
Инфекция ауа тамшылары арқылы, тыныс алу жолдарымен таралатын болғандықтан, әрбір адам өзін, бала-шағасын, жанұя мүшелерін ауру жұқтырып алудан сақтандырған жөн. Инфекциядан арнайы екпе арқылы сақтанатын жолы жоқ, яғни вакцинасы шығарылмаған. Жалпы вирус қарым-қатынас арқылы да таралады.
Сондықтан,
1.Халық көп шоғырланатын жерлерге бармау немесе азайту.
2. Жеке бас, қоғамдық гигиеналарды сақтау.
3. Бет перде тағу ережесін сақтау.
4.Аурудың алғашқы белгілері пайда болысымен, дәрігердің көмегіне жүгіну.
5. Өз еркімен емдеу шараларан жасамау.
6. Бөлмелерді жиі-жиі желдетіп отыру.
7. Антисептиктерді пайдалану ережелерін қатаң сақтаған жөн.
Асхан ОТАРБЕКОВ,
Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық аурухананың дәрігер-эпидемиологы