Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » БІЛГЕНГЕ МАРЖАН

БІЛГЕНГЕ МАРЖАН

Тұмау – жоғары тыныс алу жолдары зақымдалу және уыттану белгілерімен
сипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру. Ауру адамнан сау адамға жөтелген,
түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі.

Тұмаудың белгілері мыналар - тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, сонымен қатар, бұлшық еттің ауруы, осыдан барып адам еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. А,В,С грипп вирусымен түр - түріне бөлінеді. Тұмау ауруы 5-10 күнге дейін созылып қайта өрбіп асқынып кетуі мүмкін. Асқынған ауру бактериалды инфекциялармен қозып
(отит, гайморит) ауруларына айналады.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болса:
1. Үйде қалыңыз;
2.Төсек режимін сақтаңыз;
3. Бөлменікүніне 2 рет таза ауамен желдетіңіз;
4. Мұрыннан су аққанда, жөтелгенде, медициналық демперде киген жөн;
5. Сусын, шай, шырын түрінде сұйықты көп ішіңіз;
6. Жекебас тазалығын сақтаңыз;

Жіті респираторлық вирустық инфекция және басқа да вирусты инфекциялардың алдын алу шаралары
1. Үйден шығарда мұрныңыздың ішіне оксалин жақпасын жағыңыз;
2. Адамдар көп жиналған жерден аулақ болыңыз;
3. Сұйықты көп ішіңіз, таза ауада көп жүріңіз;
4. С дәрумені бар тағамдарды көбірек қолданыңыз;
5. Халық емін қолданыңыз (пияз, сарымсақ).
09 шілде 2020 ж. 1 117 0