Метеапневмоврирус деген не?
Адамның метапневмовирусы – бұл тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирус, ол әсіресе балаларға, қарт адамдарға және иммунитеті әлсіз жандарға қауіп төндіреді. Бұл вирус әлемнің кез келген жерінде кездеседі.
Мамандардың айтуынша, барлық ересектер мен 10 жастан асқан балалар бұл вируспен өмірінде бір рет болса да ауырған. Бірақ вирусқа қарсы иммунитет ұзақ уақыт сақталмайды. Сондықтан қайта жұқтыру жиі кездеседі.
Вирус қалай таралады?
Метапневмовирус ауамен, яғни жөтелгенде немесе түшкіргенде шыққан тамшылар арқылы беріледі. Сонымен қатар ол заттардың бетінде 6 сағатқа дейін сақтала алады. Егер адам осындай заттарды ұстап, кейін қолын мұрнына, көзіне немесе аузына апарса, вирус жұқтыруы мүмкін.
Аурудың белгілері қандай?
Вирус біреуде жеңіл өтсе, енді біреуді қатты ауыртуы мүмкін. Оның ең жиі кездесетін белгілері – жөтел, мұрынның бітелуі, тұмау, демігу және дауыстың қарлығуы. Ал денсаулығы жақсы адамдар көбінесе жеңіл суық тию сияқты ғана ауырады немесе мүлде білінбей өтеді. Дегенмен, кішкентай балалар, 65 жастан асқандар және иммунитеті төмен адамдар үшін бұл вирус өте қауіпті болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда тыныс алу жолдарының төменгі бөліктері зақымданып, тіпті бронхит немесе пневмонияға алып келуі ықтимал.
Диагноз қалай қойылады?
Вирус анықталуы үшін дәрігерлер мұрын-жұтқыншақтан сынама алып, ПТР анализін жасайды.
Емдеу әдісі қандай?
Метапневмовирусқа қарсы арнайы дәрі немесе вакцина әзірге жоқ. Жеңіл жағдайда жай ғана симптомдарды басатын ем жасалады. Ал ауыр жағдайларда науқастың тыныс алуын қолдау және аурудың себебін жоятын терапия қажет.
Алдын алу жолдары:
1. Қолды жиі жуып немесе антисептик қолдану.
2. Бетіңізге, әсіресе мұрын, ауыз, көзге кір қолмен тимеу.
3. Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңызды орамалмен немесе шынтағыңызбен жабу.
4. Адам көп жерлерде бетперде тағу және қашықтық сақтау.
5. Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және жақсы ұйықтау арқылы иммунитетті күшейту.
6. Егер ауырсаңыз, үйде қалып, көп адаммен байланысқа түспеу, ал жақындарыңызбен араласқанда бетперде тағу.
Вирус маусымдық болғандықтан, әсіресе қыста және көктемнің басында сақтық шараларын ұмытпаған жөн.
Соңғы жаңалықтар