№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұмау өршіп тұр

Тұмау өршіп тұр



          Аудан көлемінде балалар арасында жоғарғы және төменгі тыныс алу  жүйесі аурулары құрт өсуіне байланысты, қазіргі таңда 18 балаларға арналған төсек орында 21 бала жатса, жұқпалы аурулар бөлімінде 44 төсек орында, 80 бала ем алып жатыр. Оның ішінде 67 бала нақты тұмаумен сырқаттанған. Осы ретте айта кетейін, 5 жасқа дейінгі балалар арасында 4 қауіпті белгі бар. Осы белгілердің бірі байқалатын болса дереу жедел жәрдем шақыру керек. Атап айтсам, егер бала емшек еме алмай қалса, әр емген сайын немесе су ішкен сайын құса берсе, судорға және есінен тану болса, уақыт оздырмай ауруханаға бару керек. Биылғы жылы тұмау ау­руының асқынуы ауа райына байланысты болып отыр. Күз айлары – жедел респираторлық вирустық инфекцияның өршитін мезгілі. Сонымен қатар, ауруханаға жедел-ішек инфекциясымен түсетін науқастар да бар. Көбіне балалар ауырып жатыр. Учаскелік медбикелер күн са­йын үй-үйді аралап, үй жағдайында науқастанып жатқан ба­лаларды да анықтауда. Қандай жағдайда болмасын өз бетінше ем алуға болмайтынын, балалар ауырса дереу учаскелік дәрігер шақырту қажеттігін ескертеміз. Себебі, ауруды асқындырып алу жедел ем қабылдауға айтарлықтай кесірін тигізеді. Емханаға келуші көпшіліктің негізгі шағымдары – балалардың тамақ ішпей, дене қызуының көтерілуі. Оған қоса, жөтелдің жиілігі, өкпедегі сырыл – науқас балаларға ортақ ауру белгілері.
           Айта кетейік, тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды ақпаратты қайталау артық болмайды деп ойлаймыз. Дене температурасының көтерілуі, жөтелу, мұрынның бітеліп қалуы, мұрынмен тыныс алудың бұзылуы, мұрыннан шырыштық бөлінуі, әлсіздік, босаңдық, сырқаттану, құрғақ үрме жөтел, кеуденің жыбырлауы, құрысқақ, көз жасының ағуы. Сонымен қатар,  жасырын, инкубациялық кезең  5 - 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыттың аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасауға әрекет жасайды. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады:
Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба болуы мүмкін. Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте - бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады. Тұмау – өздігінен жағымсыз ауру, дегенмен оның иммундық жүйесі әлсіз қарт адамдар мен балалар емделмегенде немесе сәйкессіз ем қолданғанда, режим бұзылған кезде дамитын асқынулары өте қауіпті.
17 желтоқсан 2022 ж. 349 0