№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дүйсенова менингитке шалдыққандарды емдеп жатқан дәрігерлерді сынға алды

Дүйсенова менингитке шалдыққандарды емдеп жатқан дәрігерлерді сынға алды


«Нұр Отан» партиясының жауапты хатшысы Тамара Дүйсенова дәрігерлерден менингококк инфекциясына шалдыққан әр науқасты жіті тексеруді сұрады, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Кеше еліміздегі бірнеше ауруханаға арнайы хабарластым. Бәрі бір дәріні жазып берген. Әріптестер, ауру әр аймақта, әр науқаста әр түрлі болуы мүмкін. Барлық науқасқа бір дәріні беруге болмайды. Әркімнің дәріні қабылдауы әр түрлі. Бәріне бір антибиотикті қолдансақ, жағдай одан әрі құрдымға кетуі мүмкін. Тағы да айтарым, науқастың дәріні қалай қабылдайтынын тексеріп барып, дұрыс ем тағайындау керек», – дейді Тамара Дүйсенова «Нұр Отанның» орталық аппаратында барлық өңірлермен бейнеконференция арқылы өткен жиында.
Оның айтуынша, учаскелік дәрігерден бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығына дейін бұл жұмысқа жұмылдырылуы тиіс.
«Алматы мен Алматы облысы, Астана мен Ақмола облысы бір бірімен байланысты болуы керек. Балаларды бір аймақтан екінші аймаққа тасып жүрмеңізер. Ауруханалар адам өлімі жайлы жазып, өз атына кір келтіргісі келмейтін шығар. Бірақ, бұл адам өмірі. Отбасылардың тағдыры, олардың орнында сіздің балаларыңыз болуы мүмкін. Мұны өзіңіздің мәселеңіз секілді қабылдаңыздар», – дейді Тамара Дүйсенова.
05 маусым 2018 ж. 880 0