№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ


Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты 30 мамырға арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромедтің хабарлауынша, 30 мамырда Қостанай облысының кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Түнде кей жерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Ал, Жамбыл облысында жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асады деп күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін.
Қарағанды облысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с дейін күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы ықтимал.
Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жер 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с. Кей жерде найзағай, дауыл күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с кей жерде 23-28, екпіні 30 м/с. Кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін.
Ақмола облысында солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлікте 15-20, екпіні 23-28 м/с. Кей жерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз коптеген жерде 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ жауы мүмкін. Түнде кей жерде 3 градус үсік күтіледі.
Ал, Астана қаласында 30 мамыр күні күндіз солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін.
30 мамыр 2018 ж. 1 443 0