№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?


Алматыда менингококк инфекциясына шалдығу оқиғалары туралы белсенді түрде талқыланып жатыр. Бұл мәселе дәрігерлерді жұмыла кірісуге итермелеп, тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Дәрігерлердің сөзінше, менингококкинфекциясының тарауы туралы емес, оның маусымдық белсенділігі жайында сөз болып отыр. Дегенмен, адам бір мәселе туралы қаншалықты аз хабардар болса, соншалықты көп үрейлене түседі. Менингококк инфекциясына қарсы екпе әзірге Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне кірмегендіктен, менингококк туралы барлығы біле бермейді. Мұндай екпе Меккеге немесе Мединаға қажылыққа барушы адамдардан міндетті түрде талап етіледі. Дегенмен, менингококкқа қарсы екпені қажет ететін қауіп тобына жататын адамдар елде әлдеқайда көбірек. Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандары менингококк инфекциясы және оның елімізде қаншалықты тарағандығы, одан неліктен қорғану қажеттігі жөнінде айтып берді.  

Ләззат Ералиева, 
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің 
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры, 
Тұрғындарды иммундау жөнінде Консультативтік комиссия төрағасының орынбасары
-Ләззат Тасболатқызы, менингококк деген не және ол несімен қауіпті?
- Менингококк - ол бактерия. Менингококк бактериясының 12 түрі бар. Олардың 6-уы (A, B, C, W135, Y, X) адам өміріне қауіпті. Бұл бактериялар мұрын мен жұтқыншақтыңшырышты қабығында болады және бір адамнан екіншісіне жеке тығыз байланыс кезінде, бір мекемеде бірге ұзақ отыру кезінде жұғады. Менингококк инфекциясы науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан және аурудың асқынуынан өлімге апару мүмкіндігінің жоғары болуымен қауіпті. Одан аман қалған әрбір бесінші адамды өмірінің соңына дейін сіңірдің тартылуы, аяқ-қолдың қозғалмауы, бүйрек аурулары, кереңдік және ақыл-естің кемістігі тәрізді шектеулер мазалайды деп есептелінеді. Менингит – ол өте қауіпті инфекциялық ауру, бас және жұлынның жұмсақ қабығының қабынуы және түрлі бактериялар мен вирустардан туындауы мүмкін. Алайда, менингококк менингиттері (менингококк қоздырғышы тудырған) аса қауіпті.  Менингитке апаруы мүмкін пневмококк және гемофильді инфекциялар Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне кіреді.
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы менингококк инфекциясына қатысты қандай ұсынымдар айтады?
- ДДҰ менингококк инфекциясына шалдығу деңгейі жоғары елдерде екпе жүргізуге кеңес береді. Қазақстанда соңғы 10 жылда менингококк инфекциясымен ауыру жоғары деңгейде сақталып отыр – 100 адамға 6,7-7,4 жұқтыру оқиғасы тіркелген. Бұл жалпы алғанда, ал балалар туралы айтар болсақ, онда сандар көбірек. Ал, өңірлік тұрғыдан дертке шалдығудың ең жоғары деңгейі Алматы мен Астанада тіркеліп отыр. Аталған қалаларда тұрғындар санының көп болуы бұған ықпал етеді. Негізінен, онымен 3 жасқа толмаған кішкентай балалар ауырады.  Ересектер арасында  инфекцияны жатақханада бір бөлмеде тұратын студенттердің жұқтыру оқиғасы, бұған қоса, оның жүкті әйелдердің өліміне әкелуі кездесті. Біз менингококк инфекциясын қадағалап, анықталған уақытта міндетті түрде тексереміз. Егер жұқпалы аурудың көбеюі немесе жиі тарауы байқалса, міндетті түрде вакциналау ұсынысы енгізілер еді. Әзірге, өзін немесе өз отбасын қауіпті дерттен қорғауға ниет білдіргендер жеке түрде екпе алуға құқылы. Бұған қоса, нарықта сапалы вакциналар бар. Бірақ біз қазір бұл проблемамен шұғыл түрде айналысуға кірістік және алдағы уақытта екпе өзге елдердегі тәрізді күнтізбеге енгізіледі.  
- Кейде менингококк инфекциясына шалдығу бойынша жеткілікті түрде сенімді емес статистиканы естуге болады. Оның басты себебі ауруды анықтау мен есепке алу ерекшеліктерінде жатыр. Елде тәуелсіз эпидемиологиялық бақылау құру жоспарда бар ма?
- Биылдан бастап біз менингококк инфекциясын анықтау бойынша пилоттық жобаны қолға алып жатырмыз. «Алтын стандарт» болып табылатын бактериология ғана емес, сонымен бірге ПЦР-диагностика, ИФА-диагностика тәрізді жаңа тәсілдерді енгіземіз. Қажет болған жағдайда бұл жоба негізінде эпидемиялық бақылау жұмысын жақсартуға немесе тәуелсіз эпидемиологиялық бақылау құруға бағытталған ұсыныстар жасалады.  
- Қазақстандықтардың менингококк қаупі мен одан сақтану қажеттігі туралы хабардар етуді қалай арттыруға болады? Күнтізбеде бар екпелер үшін вакциналауға қарсылар мен оны қолдайтындар арасында әркез пікірталастар болып жатқан тұста екпенің пайдасын қалай түсіндіру қажет?
- Күрделі сұрақ. Бізде жол ережесін бұзушыларды фотографиялармен, ал шылым шегушілерді темекі қорабындағы қауіпті ауруларды жазу арқылы қорқытады. Адамдарға ауру салдары түсірілген фотографияларды көрсетуге болады. Менингококк инфекциясы – бұл өте қауіпті. Күндіз сау жүрген бала бұл аурудан бірнеше сағаттан кейін өмірден өтуі мүмкін.Аяқ-қол ампутациясы, жүйке және өзге де ауытқулар тәрізді асқыну салдарыауруға шалдыққан адамның өмірін түбегейлі өзгертеді. Ақпараттандыру  - дәрігерлердің парызы. Адамға алдын ала ескертіліп, хабардар етілсе, ол аурумен күреске дайын деуге болады.
Сусанна Харит, 
"Федералдық дәрігерлік-биологиялық агенттіктің балалар инфекциясы" ҰҒИ» ФМБМ 
инфекциялық аурулардың алдын алу бөлімінің жетекшісі, Ресей
- Сусанна Михайловна, менингококк инфекциясының белгілері қандай?Ата-ананы немесе ересектерді шұғыл медициналық көмекке жүгінуге не итермелеуі мүмкін?
- Менингококкмұрын мен жұтқыншақта болатын бактериядан пайда болады.Осы микроб ағзасында бар, алайда өздері ауырмай, керісінше, өзгелерге жұқтыратындар кездеседі. Егер адам сезімтал болса, микроб сепсис шақыра отырып, мұрын мен жұтқыншақтан лезде қанға (менингококцемия) жән бас миы қабығына өтеді (менингиттің қабынуына әкеледі).  Ауру өткір түрде басталады, алғашқы белгілеріне жоғары дене температурасы, бас ауыру, сананың бұлыңғырлануы және діріл жатады. Менингококктар ыдыраған кезде эндотоксин бөледі. Эндотоксин ұсақ қан тамырларын зақымдай отырып, теріге, ішкі органдарға, соның ішінде бүйрек безіне  қанның құйылуына (геморрагиялық  бөртпе) әкеледі және бұл аурудың алғашқы сағаттарында есеңгіреуге немесе өлімге апаруы мүмкін. Өкінішке орай, бөртпені, есеңгіреуді жеңіп, кейінірек аурудың асқынуына апаратын жағдайлармен кездесуге болады.    
Қан айналымының бұзылуынан некроз немесе ткандердің жансыздануы пайда болуы мүмкін. Бұл ампутацияға апарады. Өкінішке орай, баланы құтқару үшін оның аяқтарынатізеден жоғары ампутация жасауға тура келген кездер болды. Ампутация жасалмаса, некроздар (гангрена) улану мен өлімге апаруы мүмкін. Инфекция қас пен көздің арасында өтуі мүмкін. Биыл Ресейде Петербург-Мәскеу пойызына отырған баланың температурасы көтеріліп, қайтыс болды (жол ұзақтығы – 4 сағат). Мәскеуде жедел жәрдем көлігі күтіп тұрды, алайда бала өте ауыр халде жетіп, сол күні көз жұмды.  
Менингококк инфекциясын жұқтыру кезінде аурудың тез өршуі жиі кездеседі, сол себепті күдік туындаған сәтте бірден медициналық көмекке жүгінген дұрыс.
- Менингококк инфекциясының қауіп тобына қай санаттағы тұрғындар кіреді?
- Адамдардың бір жерде көп шоғырлануы менингококкті жұқтыру қаупін арттырады. Қажылық кезінде жаппай осы кеселге шалдығу фактілері бірнеше мәрте болғаны белгілі. Еуропада оның тұңғыш рет тарауы қажылықпен байланысты болған. Қажылыққа дейін Еуропа елдерінде менингококкпен ауыру 1-2 пайыздан аспаса, қажылықтан кейін 30 пайызға өсіп, оның өршуіне әкелген. Ең үлкен қауіп  кішкентай балалар, жасөспірім/жастар мен қарт адамдарға төнеді. Менингококк инфекциясына шалдығу деңгейі 1 жасқа дейінгі балалар  арасында жоғары. 2 жастан 10 жасқа дейінгі балалардың менингококк инфекциясымен ауыруы сирек кездеседі, дегенмен, жасөспірім жасынан бастап оның деңгейі қайта жоғарылайды. Өлімге апару фактілері 30 пайызға жетуі мүмкін.  
- Менингококк инфекциясына қарсы екпе барлық елдердің күнтізбесінде енгізіле бермейді? Неліктен?
- Оның себептерінің бірі  - қаржыландыру. Ол - ең қымбат екпелердің бірі. Бірақ ауру салдары өте ауыр болуы мүмкін. Ағылшындар менингококктың иммундық профилактикасын тегін екпелер күнтізбесіне қалай енгізгенін білесіз бе? Менингококк инфекциясымен ауырып, оны жеңіп шығып, алайда мүгедек болып қалған қыздың ата-анасы бұл мәселеге назар аударту үшін қоғамға осы оқиға туралы ашық айтты. Ауру салдарынан баланың аяқтары мен бір қолы ампутацияланып, бүлдіршін қыздың күнделікті өмірі түсірілген бейнеролик ғаламторға жарияланды. Ол Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі тегін иммундау туралы шешім қабылдауы үшін көп қол жинаған. Нәтижесінде, Англия менингoкокк инфекциясы профилактикасын күнтізбеге алғаш болып енгізген ел атанды.  
Ал, басқа елдерге қарасақ, менингококк инфекциясына қарсы вакцина Еуропа елдерінің үштен екісінде егіледі, алайда менингококктың барлық түріне қарсы вакцина олардың бәрінде жасала бермейді. Англия, Австралия, жуырдан бастап АҚШ менингококктың 5 негізгі түріне қарсы екпе егеді. «Менингококк белдеуі» бар Африка елдерінде тұрғындарды егу деңгейі жоғары, бірақ вакцина барлық бактерияларды қамтымайды. Қазір Африка құрлығы елдерінде көпвалентті вакцина қолдану қажеттігі туралы мәселе көтеріле жатыр.    
- Ресейде менингококк инфекциясына қарсы балаларды иммундау қаншалықты қамтылған?
- Менингококк инфекциясына қарсы вакциналау ұлттық күнтізбеге кірмейді, бірақ эпидемиялық көрсеткіш күнтізбесіне енгізілген. Сондықтан өңірекпе алуы қажет делінсе, екпені өздері сатып алады. Ал, кері жағдайда екпе үшін ақшаны өздері төлейтін болғандықтан, шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды. Қазір Мәскеуде 5 жасқа толмаған балаларға екпе жасалып жатыр. Челябі, Свердлов облысы мен тағы басқалары балаларды егу туралы шешім қабылдады. Алайда, ата-аналардың жағдайды толық түсінгендері дұрыс. Бұл үшін ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар ету қажет.  Жекелеген аймақтарда осы жауапкершіліктің қалай орындалатыны өзге мәселе. Әсіресе, бұл денсаулық сақтау саласының тиімділігі мен екпе мәселесіне аз көңіл бөлінетін медициналық жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларына қатысты. Бұл проблеме көбінесе посткеңестік елдер үшін, соның ішінде Қазақстанға да тән.
01 маусым 2018 ж. 1 137 0