Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есірткісіз өмір елдікті бекемдейді

Есірткісіз өмір елдікті бекемдейді

Шыны керек, есірткі саудасына және оны тұтынуға құныққандардың көбейе түскені көңілге көлеңке түсіреді. Аудандық соттың өндірісінде қаралған қылмыстық істердің статистикасынан олардың қатары артқанын көріп отырмыз. Қауіпті індетпен қалай күресеміз? Қайтсек жастардың бойын жаман қылықтан аулақ ұстаймыз? Міне осы сауалдар бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғаны анық. Сот процесінде қаралған бірнеше оқиғаға зер салсақ, есірткіге елітіп жауқазын өмірді қор еткен Шалқия кентінде болған жайт бүкіл елдің еңсесін түсірді. Кент тұрғындары ескі үйлерде есірткі пайдаланатындардың көбейгенін алға тартады.
Міне, қазіргі қоғамның бір осал тұсы осында. Облыстық ІІД-нің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-қимылдың нәтижесінде мамыр айында күдікті мінген автобус Жаңақорған аумағында, «Батыс-Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының бойында тоқтатылады. Арнайы қызметтік иттерді пайдалану арқылы күдіктінің сөмкесінен түссіз полиэтилен пакетке салынған салмағы 2,71 грамм болатын есірткі заты, яғни героин табылған. Сот талқылауында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, есірткіні сатуға емес, өзі пайдалануға алып жүргенін айтып, жазасын жеңілдетуді сұраған.
Айта кету керек, сотталушы осыған дейін де абақтыда жазасын өтеп шыққан. Соңғы рет ол қалалық соттың үкімімен ҚК-тің 10-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда, 7 жылдан кейін, яғни мерзімінен бұрын босап, қайта қылмысқа барып отыр. Осы секілді бірнеше қылмыстық оқиға есірткімен ұсталған қылмыскердің уақытынан бұрын босап шығуына мүмкіндік беретін заң ережесін қайта қарауға мәжбүрлейді. Бұл туралы адвакат Дәулет Тұрабаевтың пікірін білген едік.
– Ашығын айту керек, еліміздің нашақорлыққа қатысты заң ережесінде барлығы да тайға таңба басқандай анық жазылған. Нашақорлық дертіне шалдыққандарды оңалту орталықтарына жолдап, арнайы режимде ем-шара жүреді. Есірткіге тәуелділер жасаған әрекетіне қарай заңды жазасын алады. Бір өкініштісі, абақтыға қамалғандарға нашақорлық әрекетінен тыйылудан бұрын кері кеткен жағдайларды көз көріп жүр, –деді.
Ауданның таулы-тоғайлы алқабында жасырын есірткі өсіру тыйылмай тұр. Әсіресе, құм, жазық далада, тіпті көл-тоғандар мен орман ішіне есірткі егу тыйылған жоқ. Биыл бұл іс бойынша әзірге аудандық сотта бір ғана дерек тіркеліп, кінәлі азамат 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған. Өткен жылы есірткі өсіргендерге қатысты 6 іс аяқталып, 2 іс бойынша қос азамат 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылса, 4 іске қатысы бар 4 азамат әрқайсысы 3 жылдан жаза арқалады. 2024 жылы да бірнеше дерек тіркелгенін жауапты сала мамандары жеткізді.
Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып, сатып, тасымалдаушыларға жаза ауыр. Солай бола тұра есірткіден бас тартып сақтануға талап қылмаушылықтың түбі шошытады. Есірткі заттарын тасымалдап, жеткізіп беріп жүргендердің ар-ождан алдында жауапкершіліктен жалтаруы «ешкімге зиянымыз жоқ, нашақорлар бәрібір өзіне керегін тауып алады, ендеше неге жазалануымыз керек» деген сылтауға келіп тіреліп жатады. Есіңізде болсын, есірткі тасымалдаушы да жазаланады. Жалпы, заңды білмеу жазадан құтқармайтынын еске саламыз.
24 қараша 2024 ж. 235 0