ЖРВИ және тұмау аурушаңдығы мен алдын-алу жолдары
Тұмау ауруы мезгілдік тән аурулардың қатарына кіреді, аурушаңдықтың өршу кезеңі қазан айынан бастап- сәуір айы аралығына сәйкес келеді.
Тұмау – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар, өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин және нейраминидаза болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді.
Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез жойылады.
Ауру көзі – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткей жасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Адам басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін.
Алдын-алу шаралары:
- адам көп жиналған жерде болмауға тырысу;
-бөлменің ауасын жиі тазарту.
-тұмауға қарсы екпе салдыру.
-алдын-ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.
Тұмауға шалдыққанда ауруды таратпау және емделу шаралары:
-науқас адаммен байланыста болмауға тырысу;
-науқас адаммен байланыста болғанда бетперде тағу;
-инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу;
-жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу;
-аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ дәрігер шақыру;
-дәрігердің нұсқауына сай ем қабылдауға шақырамын.
Қарапайым ережелерді сақтау арқылы жұқпалы аурулардың алдын алуға болатындығын еске саламын.
Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы