№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жемқорлық – қоғам індеті

Жемқорлық – қоғам індеті


Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқанымызбен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі өте өзекті болып отыр. Әлбетте, біздің елімізде ғана емес, өркениетке қол созған елдердің барлығы да сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз іс-қимыл танытуда.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ» деген болатын. Әсіресе дамыған мемлекеттер осы кеселден құтылудың тетігін іздеп, оған қарсы мәдениет қалыптастырудың жолын жүйелеуде. Озық отыз елдің қатарына енуді көздеген біздің мемлекеттің де басты мәселесі сыбайластық дертін жою. Ол үшін мемлекетшілдік сананы нығайту керек. Ең бастысы, мемлекеттік заңнамаларды жақсы білу әр адамның адал қызмет етуіне сенімділігін күшейтетінін ұмытпаған жөн. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында одан жалпы жұртшылықтың жиренуі күрестің қуатты құралына айналса игі.
Осы ретте қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, жағымсыз дертті тоқтатудың амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Әйтпесе, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үдерісіне кәдімгідей тұсау салатыны ақиқат. Сондықтан жемқорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуі керек. Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, қазына қаржысына қол салушыларға тосқауыл қоюда сыбайлас жемқорлық индексі бойынша төменгі нәтижеге ие елдердің тәжірибесін қолданысқа енгізуіміз керек. Мәселен мектептен бастап қылмыстылыққа қарсы сана қалыптастыру дәрістері жүргізілсе құба-құп. Жемқорлыққа тосқауыл қоюда бұл нәтижелі қадам.

Алтынбек ӘЛМӘШОВ,
Қыраш ауылдық
округінің әкімі
25 қазан 2024 ж. 332 0