Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Заңды белден басу – білімсіздіктен

Заңды белден басу – білімсіздіктен


Елімізде орын алып жататын теріс әрекеттердің түп-төркіні көп жағдайда заңды жетік білмеуден туындап жататынын көріп жүрміз. Бұл ретте құзырлы орындарда отырған азаматтар даму мен алға жылжудың тиімді тетіктеріне көңіл бөліп, іс адамдарын негізсіз кедергілерден қорғауы керек.

Әсіресе ел экономикасының алға жылжуына қарқынды үлес қоса­тын кәсіпкерлер мен инвесторлар­ды заңсыз алым-салықтың қажытуы табанды мақсаттың тауын шағып, игілікті істің тұралауына әкеп соқ­тырары кәміл. Қолдан жасалған төрешілдік көріністердің астарында жеке бастың мүддесін көздейтін заңсыз әрекеттердің де қылаң беретіні жасырын емес. Әсіресе мұндай ахуал кеден мен құрылыс саласына тән екенін Мемлекет бас­шысының өзі сынға алып саланың беделіне нұқсан келтіретін кінәраттан арылу бірдің емес, жалпының әділетті ұстанымға ұмтылған ұстанымынан туындайтынын нақтылап айтты.
Осы бағытта елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұжы­рымдамасы әзірленді. Онда құқықтық жүйедегі реформалардың маңызы, шенеуніктердің адалдығын тексеру­ге арналған тетіктерді жетілдіру, тағы да басқа халықаралық тәжірибеде бар тәсілдер енгізілді. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорықтан таза қоғам қалыптастыру.
Жемқорлықты жою үшін оған ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тура келеді.
Көп ретте азаматтар заң талап­тарын жете зерделемеудің сал­дарынан абайсызда аңғырт қадам­ға барып, тырнақ тістеп қалатын жағдайлар да жоқ емес. Мұндай қателікке жол бермес үшін күн­делікті ізденіп, заң ережелері мен нормаларындағы өзгерістерді біліп отыру міндет.

Ербол ӨМІРБЕКҰЛЫ,
Талап ауылдық округінің әкімі
28 қыркүйек 2024 ж. 263 0