» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік!


Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі. Жемқорлық мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына, халқымыздың игілігіне барын салуға дайын азаматтардың прогрессивті бастамаларын жоққа шығарады. Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын іс емес. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижелі болатыны айқын.

Жемқорлықпен күреске елімізде тиісті түрде көңіл бөлініп, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттеледі. Жемқорлықпен күресті жүзеге асыруға орай көптеген құжаттар қабылданған. Дегенмен, жемқорлықпен күрес саласының негізін қалаушы заң азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық негізінде туындайтын қауіптен сақтауға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік функцияларды атқаратын лауазымды және басқа да тұлғалардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы болып табылады. Аталған заң жемқорлықпен күрестің негізгі принциптерін, жемқорлықпен қатысты құқық бұзушылықтардың түрлерін және жауапкершіліктің пайда болу шарттарын анықтайды. Сондай-ақ, демократиялық бастаулардың, мемлекеттік бастаулардың өрістеуіне, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауға, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін ұлғайтуға, білікті мамандардың мемлекеттік қызметке түсуіне ынталандыруға, мемлекеттік функцияларды атқаратын тұлғалардың жемқорлыққа жол бермеуіне жағдай жасауға бағытталған.
Қазіргі таңда бұл мәселеге еліміздегі мемлекеттік органдар өте үлкен көңіл бөледі. Қоғамымыздың дамуы үшін аталған мәселемен күресте барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес қосуы тиіс.
ҚР АШМ Ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетінің
Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының
басшысы И. Ахметов
23 тамыз 2024 ж. 456 0