№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылыту маусымы: ауданның дайындығы қалай?

Жылыту маусымы: ауданның дайындығы қалай?


«Қыстың қамын жаз ойла» деген қағиданы қаперге алатын болсақ, санаулы күнде қоңыр күзге аяқ басамыз. Көп ұзамай жылу беру маусымы басталып кетеді. Жалпы ауданда жылу беру маусымына дайындық барысы жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Көзқарас» алаңында бас қосып, жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау және оның алдын алу тақырыбында мол ақпараттармен бөлісті.


Нұрдәулет Берденов,
аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің маманы:

– Аудан бойынша 16 567 тұрғын үйде 86 422 халық тұрады. Аудан әкімдігі тарапынан өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Тұрғындардың өрт қауіпсіз­дік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан, жағу құралдарына абайсыз болуынан өрт пайда болып жатады. Негізгі мәселе – тұрғындардың қауіпсіздігі. Тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу үшін, тұрғындармен үне­мі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу керектігі айтылады. Түсіндіру жұмыстары кезінде әлеуметтік осал топтарды басты назарда ұстап, жылу беру маусымында орын алған кез келген төтенше жағдайлардың алдын алу, орын алған төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарына барлық мүдделі қызметтердің қатысуын қадағалап отырамыз. Кент, ауыл­дық округтердегі әлеуметтік осал топтарына жатқызылған үйлерді тиісті сала мамандарымен бірлесіп аралау жұмыстары жүргізілуде. Осы отбасылардың тұрғын үйлеріндегі жылыту пештерінің қауіпсіздік талаптарына сай болуы басты назарда. Әлеуметтік осал топқа жата­тын отбасылар мен жалғызбасты, мүмкінді­гі шектеулі азаматтардың тұрғын үйлерінің жылу беру маусымына дайындығы ұдайы бақылауда. Әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындардың жылыту пештерінің мұржаларын тазалау және жылу беру маусымы басталғанға дейін барлық мемлекеттік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы толық пысықталуда. Қажетті отынның мөлшерін жеткілікті деңгейде толықтырып, газдың, жарықтың және ауызсу­дың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп келеміз. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары бойынша авариялық топтар жасақталып, орын алған төтенше жағдайларға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып келеді.
Осы орайда айта кеткен жөн, жылу беру маусымындағы оқиғалардың басым көпшілігі қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерінің сақ­талмауынан, яғни тұрмыстық пештердің тех­никалық жағдайына мән берілмеуінен, бала­ларды қараусыз қалдыруда туындап жатады. Сондықтан да алдағы жылыту маусымына орай ауданда түсіндірме жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізіп отырамыз.

Шыңғыс Жәдіков,
Жаңақорған ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері:

– Жаңақорған ауданы бойынша осы уақытқа дейін 105 жағдай тіркелді. Соның 37 өрт, 47 өртке жатпайтын жану оқиғалары, 1 авариялық-құтқару жұмыстары, 20 басқада шығыстар. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,2% -ға көбейген. Осы тұста айта кетейін, өрт оқиғаларына байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған азаматтар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы» кодексінің 410-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылы жылу беру маусымында өрт оқиғасынан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Орын алып жатқан жағдайлардың көбі тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шараларына салғырттықпен қарауынан, яғни тұрмыстық жылыту пештерінің техникалық жағдайына мән бермеуі, үлкендердің балаларды қараусыз қалдырып кетуі салдарынан болып жатады.
2024-2025 жылдары жылу беру маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында тамыз айының 15 жұлдызынан бастап Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлері, полиция бөлімі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» ЖШС-ның қызметкерлерін, жастар ресурстық орталығының жас волонтерлерін қатыстыра отырып, профилактикалық үгіт-насихат жұмыс­тарын бастады. Аталған профилактикалық іс-шара жылу беру маусымы аяқталғанға дейін жүргізілетін болады.
Ең бірінші өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалу керек. Аудан тұрғындарынан сұрайтынымыз жылу беру маусымында мұржаларын тазалап, пештердің ақауларын жөндеуді сұраймыз. Тұрғын үй ауласында қоқыс қалдықтарын өртеу кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрай­мыз. Желді ауа райында қоқыс қалдықта­рын өртеу барысында қараусыз бақылаусыз қалдырмаңыздар. Үстіміздегі жылы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлығы 588 мақала жарық көрді. Оның ішінде газетке – 31 мақала, радиоға – 347, фейсбук пен инстаграм желісіне – 207, теледидарда – 3 хабарлама жарық көрді. Ал осы жылдың 6 айында 8783 тұрғын үй секторында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, тұрғындармен 43 рет кездесу ұйымдастырылды.
Расында, улы газ өте «зұлым», оның иісі мен түсі де жоқ, ғимарат немесе тұрғын үй ішіне газ тарағанда қабырғалар мен айналадағы заттарға қонбайды, суға сіңбейді. Адамдардың улы газбен улану жағдайы көбінесе түнгі уақытта орын алып жатады. Түтіндеген кезде ұйықтап жатқан адамның улы газға улануына бірнеше минут жеткілікті, пештің немесе газ қондырғысы орнынан алыс тұрса да, оның салдары адамға зиян келтіріп тұрады. Көбіне улы газдың зардабы балалар және қарт адамдарға тиеді. Аяқасты­нан шыққан улы газдың зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек.

Расул Қарақожаев,
аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолаушылар бөлімінің бас маманы:

–2024-2025 жылдардағы жылыту маусымын тұрақты өткізу мақсатында Жаңақорған ауданы әкімінің 23.05.2024 жылғы «Жаңақорған ауда­нында 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі аудандық штаб құру туралы» №50 өкімімен аудандық штаб құрылды және іс-шаралар жоспары бекітілді. Жаңақорған ауданында 144 әлеуметтік объекті орналасқан. Оның ішінде 74 білім беру объектісі (44 мектеп, 25 мемлекеттік балабақша, колледж, 3 өнер мектебі, тәрбие орталығы) 36 денсаулық сақтау объектісі (аудандық аурухана, аудандық емхана, оңалту орталығы 17 дәрігерлік амбулатория, 7 медпункт, 7 ФАП, 2 ауылдық аурухана, 30 мәдениет объектілері (3 мәдениет үйі, 24 ауылдық клуб үйі, аудандық кітапхана, мұрағат, мұражай), 4 спорт объектілері (3 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, 1 спорт клубы) бар. 144 объектінің 90-ы қатты, 25-і сұйық және 29-ы газ отынымен жылытылады. Әлеуметтік нысандарға 5500 тонна көмір, 1250 тонна дизель отыны қажет. Отын жеткізуші кәсіпкерлермен шарт жасалған. Қазіргі уақытта, көмір тасымалдау басталды. 2023 жылдың қорытын­дысы бойынша Жаңақорған ауданының 7 елді мекені газдандырылған. 6922 тұрғын үй табиғи газды пайдаланады. 2024 жылы 1 елді мекен газға қосылады. 2025 жылға қарай ауданның газдандыру көрсеткіші 49 пайызға жетеді. 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында тұрғындарға 19 000 тонна қатты отын қажет. Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету бағытында, 2022-2023 жылдары ауданға көмір тасымалдауды «Альянс Групп» жеке кәсіпкерлігі жүргізіп келді. Кәсіпкер екіжылдықта «Қызылжар» станциясында тиелетін «Шұбаркөл» көмірін тасымалдады. 2024 жылдан бастап кәсіпкер басқа өңірге ауысуына байланысты көмір тасымалы ауданымыз үшін өзекті мәселеге айналды. Осыған байланысты, көмір тасымалдаушы «Kapital construction» ЖШС-мен және «KHAS KOM» ЖШС, сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.

Ал күзгі-қысқы кезеңдегі жұмыстарға әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын жыл сайын берілетін құжат пен яғни, әлеуметтік мекемелердің жылыту маусымына дайындығы туралы құжатпен айқындалады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына сәйкес, Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау www.elicense.kz арқылы жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырылады. Жаңақорған ауданы бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын бу қазандығы бар 80 мекеме алады.

Жылыту маусымының қалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арқылы барлық газ тарату жүйесіне 3 рет техникалық қызмет көрсету жұмыстары жасалған. Бұл жерде тұрғындар тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына мұқият болса дейміз. Жазатайым оқиғалардың басым көпшлігі, мұржаның түтін тартпауы, желдету арналарының, терезелердің ашылмайтындай орналасуы, газ аспаптарында оқыс жағдай кезінде газды сөндіретін автоматиканың болмауы, газ аспаптарын қараусыз қалдыру, тұрақты техникалық қызмет көрсетуді елемеу салдарынан болып жатады. Негізінде үй жағдайында газдың иісі байқалған кезде жабдыққа дейінгі және жабдықтың өзіндегі крандарды дереу жабу, терезелер мен есіктерді ашу, желдету, сіріңке жақпау, темекі шекпеу, электр аспаптарын қоспау және өшіру, 104 телефоны бойынша авариялық қызметті шақырту қажет. Газды пайдаланатын жабдыққа газ беруді автоматты түрде өшіруге арналған газ дабыл қаққыштарын (сигнализатор) орнату маңызды. Сонымен қатар, үйішілік газ құбырлары мен газ аспаптарына уақытылы техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді назарда ұстаған абзал.


Алмасхан НҰғматтуллаұлы,
аудандық газ шаруашылығының
газ желілерін
пайдалану және жөндеу бөлімінің инженері:

– Күнделікті тәжірибеге сүйенсек, адам­дардың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтінін көруге болады. Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ере­желердің қатаң сақталуын талап етеді. Елі­міздің әр аймағында тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан түрлі оқыс оқиғалар болып жатқанын, күнделікті баспасөз құралдарынан көріп, хабардар болып жүрміз. Осы тұста айта кетейін, газдың негізгі қасиеті тұншықтырғыш болып табылады. Егер дұрыс қолданбаса, адам өміріне қауіп төнеді. Мысалы, күнделікті қолданыстағы газ пештерді қарасаңыздар, паровойдағы суды жылытады да, газ жанып болғаннан кейінгі қалдықтары моржа арқылы шығады. Газ жанғаннан кейінгі ең қауіпті қалдығы улы газ болып есептеледі. Мысалы, бір бөлмеде 3%-ға дейін улы газдың қалдығы болса, 5-10 минуттың ішінде сол бөлмедегі адамға көмек көрсетілмесе, уланып қалуы әбден мүмкін.
Біз өз тарапымыздан қазіргі уақытта тұрғын үйлердің берешегі бойынша тыңғылықты жұмыс жасап жатырмыз. Дәл бүгінгі күнге дейін 1140 тұтынушы 9 906 000 теңге қарыз болып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайып отыр. Қарызы бар әрбір тұрғынның үйіне ба­рып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескертіп жатырмыз. Ал одан нәтиже шықпаған жағдайда газдан ажыратуға тура келеді. Бұл жұмыстарды тұрғындардың жағдайына қарай жаз маусымын­да жүргізіп жатырмыз. Өйткені, қыс ауасында газдан ажырап қалатын болса, жағдай қиын. Сондықтан да, тұрғындар болмашы 1000 теңге қарызбын немесе 3000 ғана қарызбын демей, берешегін толық өтесе деген өтінішіміз бар. Осы тұста айта кетейік, егер газдан ажыратылатын болса, қайта газға қосу ақылы. Осыны тұрғындар ескеруі керек. Биыл газ бағасы 19,87 тиын болып белгіленіп отыр. Өзге облыстарға қарағанда едәуір арзан деуге болады.
Иа, табиғи газ – адамға берілген игілік көзі. ХХІ ғасырдың ғаламат жобасы. Алайда табиғи газ ұқыпты және жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Газ қайғылы салдарға әкеп соқтырмас үшін газ жабдықтарына ұқыпты қарап, күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау қажет. Тұрмыстық газ адам үшін пай­далы ғана емес, сонымен бірге қауіп-қатердің көзі. Күнделікті өмірде табиғи газдың екі түрі қолданылады: үйлерге құбырлар арқылы кіретін негізгі және баллонда жеткізілетін сұйытылған газ. Тұрмыстық газдың шығуы улануға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан отбасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өзіңізді және айналаңыздағы адамдардың өміріне өлім қаупін төндірмеу үшін табиғи газ және тұрмыстық газ құралдарын пайдалану ережелерін есте сақтағаныңыз жөн.

Роза Спатаева,
«ГазАзияСервис» ЖШС Жаңақорған филиа­лының өкілі:

– Бірнеше жыл болды, «көгілдір отын» жаңа­қорғандықтар үшін жылылық пен жайлы­лық көзіне айналды. Алайда табиғи газ ұқыпты және жауапкершілікпен қарауды талап етеді. «Көгіл­дір отын» қайғылы жағдайға әкеп соқтырмас үшін газды қауіпсіз пайдаланудың ережесін сақтаған абзал. Күнделікті тәжірибеге сүйенсек, адамдардың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтінін көруге болады. Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуын талап етеді. Еліміздің әр аймағында тұтынушылар­дың газ қондырғыла­рын дұрыс пайдаланбау салдарынан түрлі оқыс оқиғалар болып жатқанын күнделікті баспасөз құралдары мен телеарналардан көріп, хабардар болып жүрміз. Газдан улану жағдайы көбінесе УГОП-16 пешін пайдалану кезінде орын алып жатады. Бұл тұтынушылардың пеш­тің жарамдылық жағдайына аса мән бер­меуінен, түтіндіктің тартымдылығын уақыты­лы тексеріп тұрмағандығынан болады. Біз, яғни «ГазАзияСервис» ЖШС тұрғындардың қауіпсіздігіне жауап береміз. Аудан халқы біз­дің қызметімізге қанықты, жиі хабарласып, өз өтініштерін білдіріп жатады. Газ құбырларын газ пешті және төрт көзін тазалау, газ жабдықтарын жөндеу сынды мәселелер туындаса бізге хабарласады.
Апат айтып келмейді, рас, қыс айларында тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан Жаңақорғанда жыл сайын түрлі қайғылы жағдайлар орын алады. Әсіресе, боранды күндері, көктайғақ пен жауын-ша­шынның мол түсуі кезінде жол апаты жиілейді. «Көгілдір отыннан» келетін қауіп те аз емес. Ал қақаған аязда болатын өрттің әлегі әбігерге түсіреді.
Газ қауіпсіздігіне жауапты мекемеміздің атауы өзгергенімен мақсатымыз өзгерген жоқ. Аудан халқы біздің қызметімізге қанықты, жиі хабарласып, өз өтініштерін білдіріп жатады. Газ құбырларын, газ пешті және төрт көзін тазалау, газ жабдықтарын жөндеу сынды мәселелер туындаса бізге хабарласады. Жөндеу жұмыстары мен толықтай тексеру екі бағытта жүреді. Тексеру жылына бір рет, оған 4088 теңге төленеді, ал тазалауға 7356 теңге төленеді. Өткен жылға қарағанда тариф кішкене өсті. Өйткені, біздің қызметкерлер арнайы жалақы алмайды, осы тұрғындардың төлемі есебінен айлық жазылады.
Ауданда 104 авариялық қызметі жұмыс жасамайды. Егер тұрғындар арасында қан­дайда бір келеңсіздік туындаса, бірден бізге хабарласады. Қазір әр үйді аралап, қай нүктеде ақау барын тексеріп, қадағалап жатырмыз. Күнделікті тәжірибеге сүйенсек, адамдардың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтінін көруге болады. Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуын талап етеді. Сондықтан да, барынша сақтық шараларын сақтауға тиіспіз.
Иә, байқағанымыздай, барлық жауапты мекемелер жылу маусымына сақадай сай. Отынын түсіріп, мектеп қазандығын тазалап, пеш құбырларының кем-кетігін түзеген. Қалай болғанда да, қыс – салғырттық пен қателікті кешірмейтін қатал сыншы екенін ұмытпайық. Айта кетерлігі, көмір пеші мен газ пешінің түтін шығаратын мұржаларын мұқият тазалап қойған жөн. Жаз бойы құбырда құстар ұя салып, не шаңға толып қалуы мүмкін. Отбасы амандығы үшін түтін жүретін трубаларға мұқият болу керек.
Сонымен қатар, газ плитаны қосқанда жалынның түсін бақылаңыз, егер ол қызғылт сары болса, бұл құрылғыда ақау бар екендігін білдіре­ді. Бұл жағдай анықталғанда газ мамандарын шақырып, ақауды жою қажет. Жұмыс істеп тұрған газ плиталар мен су жылытқыштарын қараусыз қалдырмаңыз, жанып тұрған жалынның үстіне су құйылып кетпеуін немесе жалынды жел үрлеп, сөніп қалмауын қадағалаған жөн. Мұржада және желдету каналдарында ақау салдары улануға әкеліп соқтырады. Сондықтан жылу беру маусымында мұржалардың тазалығын үнемі тексеріп тұру қажет. Шыны керек, тұрғындар­дың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтінді­гін көруге болады. Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуын талап етеді.

Жаңақорған жеріне газ келгеніне он жыл болса да, тұрғындардың салғырттығынан апатты жағдайлар тыйылмай тұр. Ауыл тұрғындары да “көгілдір отынның” игілігін көріп, басы артық бейнеттен қолы босағанымен, қауіпсіздік туралы пайым-түсініктері аз. Газ қондырғыларының техникалық ақауын болдырмауда айрықша жауапкершілік мәселесін ұмытуға болмайды. Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталмаған жағдайда тіпті кісі өміріне қатер төндіретін жайттар орын алуда. Осындай келеңсіздіктің алдын алуда тұрғындардың техникалық талаптарды сақтау ережелерін жетік білуі маңызды. Газ қауіпсіздігіне әрбір тұрғын сергек қарауы міндетті. Газдың қысымын қадағалап, әр сәт сайын бақылап, дұрыс жанып тұрғанына назар аударып, ұзаққа кідіретін болса газ көздерін бекітіп, өрт болмаудың ереже заңдылығына мән берген дұрыс. Табиғи отынды үнемдеп, қажет кезінде ғана жағып, ысырапшылдыққа мән бермеу маңызды.

Ақпараттық топ құрылып, газға қосылған ауылдарда газ қауіпсіздігі шараларын насихат­тап, тұрғындармен кездесу өткізіп жүрміз. Әр мекемеде жоспарлы ақпараттық іс-шаралар атқарылуда. Қоғамдық орындар мен мемлекеттік нысандарда арнайы үнпарақтар ілініп, көше тұрғындарымен блиц – сауалнамалар жүргізілді. QR коды бар жадынамалар тұрғындарға таратылды. Осы жадынамада елге қажетті ақпараттар бар.
Ал біздің айтпағымыз, қыстан аман шығудың жолы – ерте қамдану.

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ

20 тамыз 2024 ж. 537 0