№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылыту маусымы кезіндегі сақтық шаралары

Жылыту маусымы кезіндегі сақтық шаралары

Аудан көлемінде тұрғын үйлерде өрт оқиғасының жыл санап өршіп жатқаны байқалады. 2022 жылдың 12 айы бойынша 50 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 34 тұрғын үй секторында орын алып отыр. Өрттердің шығу себебі: тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан болып отыр.   


    Осыған байланысты жылу беру маусымында тұрғын үйлерде от жағу пешінің ақауы салдарын және газдан улану факторларын назарға алған дұрыс. Сол секілді электр қыздырғыш құралын пайдалану, қолдан жасалған, істен шыққан электр жылыту және қатты, сұйық отын жағатын тұрғындар өрт қауіпсіздігінің  ережесін сақтамауынан орын алуда. Осыған байланысты жылу беру маусымында пеш, қазандық және басқа да жылу беру құралы мен жүйесін жөндеуден өткізіп, тексеруді қажет етеді. Сондай-ақ, жарамсыз пеш пен басқа да жылу беру құралын пайдалануға болмайды. Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көзінің дұрыз жұмыс істеуін  қадағалаған дұрыс. Электр аспаптарын, плитканы жарамды күйде қолданып, перде мен жиҺаздан мейлінше алшақ, жанбайтын тіреуде орнатқан абзал. Үйден шығарда барлық газ электр қондырғысының өшірілгеніне көз жеткізген дұрыс. Сонымен қатар, сіріңке мен жанғыш құралдарды баланың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
         Өртті болдырмау мақсатында: Жаңақорған ауданның азаматтық қорғау органының қызметкерлері аудан көлеміндегі тұрғын үйлерді аралап тұрғындарға «Қосулы тұрған электрлік жылытқыш құралдарын қараусыз қалдырмау», «көп қуатты бірнеше электр құралдарын бір мезгілде қоспау», «қорғаныс қабаты зақымдалған электр сымдарын пайдаланбау», «жуылған киімдерді жанып тұрған газ пештерге немесе көмір отынмен жылытылатын пештердеге кептірмеу», «төсекте жатып шылым шекпеу», «балаларды сіріңкемемен ойнауына жол бермеу», «балаларды жалғыз қалдырмау», «пешті тұтату үшін жанғыш сұйықтықтарды қолданбау» тақырыптарында үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын әр апта сайын жүргізуде.
         Егер төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда, «101» немесе «112» нөмеріне хабарласу шарт. Қортындай келе  «сақтансаң сақтайды» деген қағиданы санаға қалыптырсақ, төтенше жағдайдын алдын алу мүмкіндігі арта түседі.
 
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
03 ақпан 2023 ж. 193 0