Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Орман-тоғайды өрттен сақтайық»

«Орман-тоғайды өрттен сақтайық»

  
Табиғат байлығының аса бір күрделі саласының бірі орман-тоғай, оларды қорғау, өсіру қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Орман-тоғайдың халық шаруашылығындағы маңызы сан қырлы. Орман-тоғай ауаны оттегімен толықтыру, топырақты эрозиядан қорғау, қоршаған ортаның түрлі ластануын азайту қызметін атқарады. Азаматтардың табиғаттың өзі сыйлаған пайдалы тоғайларды өртеу фактілері көбейіп кетті. Өртенген тоғай 2-3 жылсыз қалпына келмейді. Қазіргі таңда, жол бойларында өртенген ағаш пен күйген жиделердің аумағы көптеп кездесіп жатады. Өз ортамызда тұрған табиғат байлығына неге жанымыз ашымайды. Қалайша ғана оларды көзіміз қиып,от қойып өртейміз? Азаматтар арасында неге орман-тоғайға деген қамқаорлық төмен?  Орман-тоғайдың өртенуіне ең басты себепші жеке қожалықтар мен жеке бақша егушілер және мемлекеттен жерді жалға алып, мал жайылымы ретінде пайдаланушылардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан орын алып отыр. Өсіп тұрған тоғайға от қоюшылардың қатарында ата-анасының бақылауынсыз мал бағып жүген жас балалар да кездеседі.
    Шаруашылық басшылары мен жұмысшылары егістік жерлерді, арық-каналдарды, бақша егетін жерлерді тазалау кезінде өткен жылғы қамыс және басқада шөптерді өртеу кезінде оттың тоғайға өріп кетпеуін қадағалау үшін арнайы маман бөліп, бақылауға алған жөн.
Сондықтан, әрқайссымыз төмендегідей қарапайым, қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындаумыз қажет:
-ашық отты пайдалануда бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тапсырып тастап кетпеу керек;
-далалық жерлерде егін алқаптарын дайындау кезінде отты бейберекет қойып, жерді ашу мақсатында пайдаланбауы керек;
-көктем, күз айларында табиғатқа шығып демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоғын толық сөндірмей тастап кетпеу керек;
-әрбір жер иелері өз теңгеріміндегі жерлерінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақталуын қаматамасыз етуі керек;     
   Орман-ел байлығы, мақтанышы. Оны көбейтіп, өлкемізді жасыл желекке бөлесек ұтарымыз мол. Қорыта келе айтқанда, «Өртенбесін орманың, орман сенің қорғаның» дегендей от апатына жол бермей өртке қарсы шараларды қатаң сақтап, өрттің шығуына жол бермес үшін бәріміз бірге күресейік.
 
09 сәуір 2024 ж. 115 0