Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОРМАН-ДАЛА ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК,АҒАЙЫН!

ОРМАН-ДАЛА ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК,АҒАЙЫН!

  Табиғат байлығының аса бір күрделі саласының бірі орман-тоғайларды қорғау, оны өсіру қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Алайда, азаматтардың табиғаттың өзі сыйлаған пайдалы тоғайларды өртеу фактілері көбейіп кетті. Өртенген тоғай 2-3 жылсыз қалпына келмейді. Қазіргі таңда айналаға көз жіберсек, жол бойларында өртенген ағаш пен күйген жидеден көрінбейді. Өз ортамызда тұрған табиғат байлығына неге жанымыз ашымайды. Қалайша ғана оларды көзіміз қиып,от қойып өртейміз? Азаматтар арасында неге орман-тоғайға деген қамқаорлық төмен? 
Орман-тоғайдың өртенуіне ең басты себепші мекеме шаруашылық басшылары, жеке бақша егушілер. Сонымен қатар мемлекеттен жерді жалға алып, мал жайылымы ретінде пайдаланушылардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан орын алып отыр. Өсіп тұрған тоғайға от қоюшылардың қатарында ата-анасының бақылауынсыз мал бағып жүген жас балалар.
    Шаруашылық басшылар мен жұмысшылары егістік жерлерді, арық-каналдарды, бақша егетін жерлерді тазалау кезінде өткен жылғы қамыс және басқада шөптерді өртеу кезінде оттың тоғайға өріп кетпеуін қадағалау үшін арнайы маман бөліп, бақылауға алған жөн.
Сондықтан, әрқайссымыз төмендегідей қарапайым, қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындаумыз қажет:
-ашық отты пайдалануда бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тапсырып тастап кетпеу керек;
-далалық жерлерде егін алқаптарын дайындау кезінде отты бейберекет қойып, жерді ашу мақсатында пайдаланбауы керек;
-көктем, күз айларында табиғатқа шығып демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоғын толық сөндірмей тастап кетпеу керек;
-әрбір жер иелері өз теңгеріміндегі жерлерінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақталуын қаматамасыз етуі керек;     
   Орман-ел байлығы, мақтанышы. Оны көбейтіп, өлкемізді жасыл желекке бөлесек ұтарымыз мол. Қорыта келе айтқанда, «Өртенбесін орманың, орман сенің қорғаның» дегендей от апатына жол бермей өртке қарсы шараларды қатаң сақтап, өрттің шығуына жол бермес үшін бәріміз бірге күресейік. «Cенім телефоны» 24-1-47.
 
 Жаңақорған ауданы ТЖБ 
Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі.

20 наурыз 2019 ж. 1 069 0