Орман-тоғайды өрттен сақтайық
Табиғат байлығының аса бір күрделі саласының бірі орман-тоғайларды қорғау, өсіру қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Табиғат байлығының құрамдас бөлігі орман-тоғай халық шаруашылығындағы маңызы сан қырлы. Орман-тоғай ауаны оттегімен толықтыру, топырақты эрозиядан қорғау, қоршаған ортаның түрлі ластануын азайту қызметін атқарады. Азаматтардың табиғаттың өзі сыйлаған пайдалы тоғайларды өртеу фактілері көбейіп кетті. Өртенген тоғай 2-3 жылсыз қалпына келмейді. Қазіргі таңда айналаға көз жіберсек, жол бойларында өртенген ағаш пен күйген жидеден көрінбейді. Өз ортамызда тұрған табиғат байлығына неге жанымыз ашымайды. Қалайша ғана оларды көзіміз қиып,от қойып өртейміз? Азаматтар арасында неге орман-тоғайға деген қамқаорлық төмен? Орман-тоғайдың өртенуіне ең басты себепші мекеме шаруашылық басшылары, жеке бақша егушілер. Сонымен қатар мемлекеттен жерді жалға алып, мал жайылымы ретінде пайдаланушылардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан орын алып отыр. Өсіп тұрған тоғайға от қоюшылардың қатарында ата-анасының бақылауынсыз мал бағып жүген жас балалар.
Шаруашылық басшылар мен жұмысшылары егістік жерлерді, арық-каналдарды, бақша егетін жерлерді тазалау кезінде өткен жылғы қамыс және басқада шөптерді өртеу кезінде оттың тоғайға өріп кетпеуін қадағалау үшін арнайы маман бөліп, бақылауға алған жөн.
Сондықтан, әрқайссымыз төмендегідей қарапайым, қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындаумыз қажет:
-ашық отты пайдалануда бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тапсырып тастап кетпеу керек;
-далалық жерлерде егін алқаптарын дайындау кезінде отты бейберекет қойып, жерді ашу мақсатында пайдаланбауы керек;
-көктем, күз айларында табиғатқа шығып демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоғын толық сөндірмей тастап кетпеу керек;
-әрбір жер иелері өз теңгеріміндегі жерлерінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақталуын қаматамасыз етуі керек;
Орман-ел байлығы, мақтанышы. Оны көбейтіп, өлкемізді жасыл желекке бөлесек ұтармыз мол.
Қорта келе айтқанда, от апатына жол бермей өртке қарсы шараларды қатаң сақтап, өрттің болмасы үшін бәріміз бірге күресейік.
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.