Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тоғайды аялай білейік!

Тоғайды аялай білейік!

Орман-тоғайдың халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Сондықтан табиғатты талан-таражға түсірмей, орманды өрттен сақтау әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Бірақ жыл сайын аудан тұрғындарының пайдалы тоғайларды өртеу фактісі тіркеледі. Естеріңізде болсын, өртенген тоғай 2-3 жылсыз қалпына келмейді.
Жалпы Жаңақорған ауданының орман қоры 795 535 гектарды құрайды, оның 542 338 гектары тоғайлы орман. Қазіргі таңда жол бойларында өртенген ағаш пен күйген жиделердің аумағы көптеп кездеседі. Мұның барлығы табиғат байлығына деген сана мәдениетінің төмендігін көрсетеді. Орман-тоғайдың өртенуіне ең басты себепші жеке қожалықтар мен жеке бақша егушілер және мемлекеттен жерді жалға алып, мал жайылымы ретінде пайдаланушылар. Олар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы салдарынан осындай жағдайлар орын алуда. Өсіп тұрған тоғайға от қоюшылардың қатарында ата-анасының бақылауынсыз мал бағып жүрген жас балалар да кездеседі.
Шаруашылық басшылары мен жұмысшылары егістік жерлерді, арық-каналдарды, бақша егетін жерлерді тазалау кезінде өткен жылғы қамыс және басқада шөптерді өртеу кезінде оттың тоғайға өріп кетпеуін қадағалау үшін арнайы маман бөліп, бақылауға алған жөн. Мынадай қарапайым қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтап отырған әлдеқайда абзалырақ болар еді. Ашық отты пайдалануда бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тапсырып тастап кетпеу керекпіз. Сондай-ақ, көктем, күз айларында табиғатқа демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоғын толық сөндірмей тастап кету әрекеті тым жиі кездеседі. Әрбір жер иелері өз теңгеріміндегі жерлерінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақталуын қаматамасыз етуі керек.
Құрметті жаңақорғандықтар, егер төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары  болған жағдайда тез арада «101» немесе «112» телефонына хабарласу керексіздер. Жау алыстан келмейді, сондықтан кінәліні де өзгелерден іздемейік.
Өскен МҮБӘРАК

15 наурыз 2020 ж. 514 0