Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сот саласында серпіліс бар

Сот саласында серпіліс бар

Өздеріңізге мәлім, әрбір төрт жыл сайын ҚР Судьялар Одағының кезекті сьездері өткізіледі. Онда сот құрылымы және сот процесін кәсібилендіру, материалдық-техникалық базасын нығайту, еліміздің барлық соттарында сот істерінің бірыңғай есебі мен мониторингісін жүргізу, сот билігінің бәсекеге қабілеттілігін, беделін және білімділігін арттыру, тағы басқа да өзекті мәселелер қозғалады.

Жақында өткен судьялар одағының IX сьезіне Президент Қасым-Жомарт
Тоқаев қатысты. Ол заң жобаларының әзірленгені, өзекті мәселелер бойынша іске асырылған жедел шараларды, жаңа судьяларды іріктеу және қызметтегі судьяларды бағалау, соттардың қорытынды шешімдерінің жаңа форматы және оларды түсіндіру, мәселелері жөнінде атап өтті.
Жиындв ашқан жоғары сот төрағасы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру туралы айта келе, соттар жұмысындағы негізгі бағыттарға-қоғаммен кері байланысты дамыту, айыптау үкіміне, жаңа судьяларды жария іріктеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тоқталып өтті.
Республика судьялар Одағының IX сьезінде сот мәртебесі жайлы ережелер ерекше талқыланды.
Қазақстандық сот төрелігінің тәуелсіздігі 1995 жылдың 30тамызында бүкілхалықтық референдумда қабылданған еліміздің
Ата Заңында бекітілді.
Конституцияға Жоғарғы Сот және жергілікті соттардың барлық судьяларын Президенттің тағайындауы туралы бап енгізіліп, Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы құрылды.
1995 жылы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен соттар қызметінің негізгі бағыттары айқындалып, тұңғыш рет «сот билігі» деген жаңа термин енгізілді. Сот жүйесінің реформалаудың осы кезеңінде бұл бастамалар мемлекет пен қоғам өмірінде соттың рөлін жоғарылатуға, оның беделін көтеруге мүмкіндік туғызды, судьялардың құқықтық қорғалуы айтарлықтай нығайды. Ел тұрғындары өз мүдделерін және барлық дерлік дауларды сот алдында шешу
мүмкіндігіне ие болды.
Сондай ақ, біздің еліміз ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып алқабилер институтын енгізгнін, қамауға алуды санкциялау соттың құзырына берілгенін де айтып өткен жөн.
Заманауи ақпараттық техноголиялар сот жүйесінің жұмысына жаңа серпін берері сөзсіз. Сондықтан Жоғарғы Соттың IX сьезінде енгізген жаңа авторлық жоба – Бірегей автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы еліміздің барлық соттарында сот істерінің бірыңғай есебі мен мониторингі жүргізіледі.
Одан бергі ширек ғасырда Қылмыстық, Қылмыстық процестік, Қылмыстық атқарушылық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстер жаңартылды.Заңнаманы одан әрі ізгілендіру жалғасын тауып жатыр. Бүгінгі таңда екінің бірі судья бола алмайды.Қара қылды қақ жарып, әділ шешім айтудың жауапкершілігі зор.
Сондықтан, судьялардың IX сьезінде судья лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар күшейтіліп, олардың жас шегі ұзартылып отыр. Бұған қоса, бесжылдық еңбек өтілінің болуы міндетті әрі жаңа сайланған судьяларға біржылдық сынақ мерзімі енгізілді.Осылайша, үміткер заң үстемдігін қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңдық мүдделерін қорғаудағы өзінің маңызды рөлін сот төрелігін жүргізуді бастағанға дейін толық түсінуі тиіс.
1996 жылы өткен алғашқы съезде Мемлекет басшысы судьяларды елде жүргізіп жатқан реформалардың байыбын жете ұғынып, барынша қолдау көрсетуге шақырған еді. Мәселен, соттар бұған дейін азаматтарды жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін қатаң қылмыстық жазаға тартып келсе, енді оларға мемлекет тарапынан қолдау күшейді. Сондақ ақ, алғашқы судьялар сьезінде Судья әдебінің кодексі қабылданып, Қазақстан Респуликасы судьяларының одағы құрылған болатын.
Жүріп өткен жолды ой елегінен өткізсек, Мемлекет басшысының озық идеялары мен жан-жақты қолдауы сот жүйесіндегі реформалардың табысты жүзеге асуының кепіліне айналып отырғанына көз жеткіземіз.
Сот жүйесіндегі реформалардың жетістіктері, ауқымдылығы мен қарқыны жөнінен посткеңестік кеңістікте Қазақстанға теңдесер ел жоқ.Дер кезінде жүргізіліп жатқан маңызды реформалардың нәтежесінде жалпы құқық тәртібі жүйесі жақсарып, сот төрелігі бұрынғыдан да ашық, әділ, жедел және қолжетімді болары сөзсіз.
Бұл жайында сот жүйесіне Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының IX сьезінде нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Болат Пазылов,
Жаңақорған аудандық сотының судьясы

28 мамыр 2024 ж. 470 0