Бүгін Ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеп, өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып жатқанын айта келе, жедел түрде қолға алынуы тиіс нақты міндеттерге тоқталып өтті.
Үкіметке және Ұлттық Банкке инфляцияны тез арада тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру мәселелері бойынша тапсырмалар берді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттілігіне де баса назар аударды. Ел Президенті елдегі қымбатшылықты және қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүргізіліп жатқандығын қатаң сынға алды.
Азаматтардың табысын арттыру және адам капиталын дамыту бойынша да ойларын ортаға сала келе, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізіліп, жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуды міндеттеді. Сондай-ақ жастар арасындағы жұмыссыздықтың көбейіп тұрғанына да ренішін білдірді. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспарды әзірлеуді тапсырды.
Мемлекет басшысының тағы бір тоқталып өткені, ана мен бала денсаулығын сақтау мәселесіне байланысты да шұғыл әрі тиімді шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті. Үкімет отырысында басқа да мәселелер тілге тиек етіліп, алдағы уақытта атқарылуы тиіс нақты міндеттемелер атап көрсетілді.
Серқожа Ыдырысов - Еңбек ардагері,
ауданның "Құрметті азаматы"
ауданның "Құрметті азаматы"