Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ЕСКЕ АЛУ СПОРТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ЕСКЕ АЛУ СПОРТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Жаңақорған кентінде кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына және ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған футзалдан аудандық жарыс өткізілді.


Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бекболат Шәріпбеков, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Махмут Рахымжанов, ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Аблакимов және ауған соғысының ардагерлері қатысып, спортшыларымызға сәттілік тіледі.

Жарысқа кенттегі жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері мен спорт мектептері және спорт клубының жаттықтырушыларынан құралған 10 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын - №7 спорт мектебі
2 орын - №169 орта мектебі
3 орын - №51 орта мектебі
Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің грамоталары, медальдары және кубоктарымен марапатталды.
15 ақпан 2024 ж. 1 096 0