Топ-баннер

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Семей полигонының жабылғанына – 32 жыл

Семей полигонының жабылғанына – 32 жыл



Бүгін "Тағзым" алаңында Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толуына орай ардагерлерді еске алу шарасы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Нуридинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Тақырбасов, ардагерлер және жастар қатысты. 
Аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы күллі адамзат баласына зор қауіп төндірген полигон зардаптарын болдырмау бағытындағы қажырлы еңбек еткен ардагерлер қауымына алғысын білдірді.
Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толуына орай монумент алдына гүл шоқтары қойылып, ядролық жарылыс салдарын жоюға қатысқан ардагерлерді бір сәттік үнсіздікпен еске алып, рухына құран бағышталды.
Айта кету керек, еліміздің тарихында орын алған ең қайғылы оқиға – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі болатын. Салдарынан 450-ден астам ядролық сынақтар өткізіліп, қаншама азаматтар зардап шекті. Біздің ауданымыздың 170 азаматы халқымыздың басына ауыр күн туған кезеңде өз денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төндірген Семей ядролық сынақ алаңында азаматтық борыштарын өтеді. Өкінішке орай 120-ға жуық ардагерлеріміз арамызда жоқ.
30 тамыз 2023 ж. 419 0