№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Газ және қауіпсіздік

Газ және қауіпсіздік


2015 жылдан бастап игілігін көріп келе жатқан көгілдір отынды қолданудың өз талаптары бар. Біз осы тақырып төңірегінде «ГазАзияСервис» ЖШС Жаңақорған филиалының өкілі Роза Спатаевамен сұқбаттасқан едік.


– Жылыту маусымы кезінде газ қауіпсіздігін сақтау шаралары жөнінде не айтасыз? Қандай да бір ақау орын алған жағдайда халық қайда хабарласуы керек?
– «Апат айтып келмейді» дейді халық даналығы. Қалай айтылса да, қоғамда басты құндылық – адам өмірі. Ал оны сақтай білу үлкен жауапкершілік. Қауіптің түрі көп-ақ. Соның бірі – күнделікті тұрмыстық қолданыстағы газ. Тұрмыстық газ адам үшін пайдалы ғана емес, сонымен бірге қауіп-қатердің көзі. Күнделікті өмірде табиғи газдың екі түрі қолданылады: үйлерге құбырлар арқылы кіретін негізгі және баллонда жеткізілетін сұйытылған газ құрылғысы.

Тұрмыстық газдың шығуы улануға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. Газ қайғылы салдарға әкеп соқтырмас үшін газ жабдықтарына ұқыпты қарап, күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау қажет. Улы газдың ең қорқынышты қасиеті оның ешқандай иісі жоқтығында. Демек ауада оның бар - жоқтығы арнайы жабдықсыз анықтау қиын. Жалпы газбен улану күтпеген жерде болады. Себебі зардап шегуші біраз уақыт оның буымен тыныс алғанын мүлдем сезбейді.

Өздеріңізге белгілі, біздің ауданда 104 авариялық қызмет жұмыс жасамайды. Жақында облыстық акиматтың жанынан 109 қызметі ашылды. Егер 104-ке хабарлассаңыз, автоматты түрде 109-ға түседі. Бірақ, 109-ға үйде өрт болса да, жарық сөніп қалса да, газдың ақауы туындаса да хабарласа береді. Ал, 109 Жаңақорған ауданынан түскен өтініштерді бірден бізге жіберіп отырады. Көп тұрғын жекемізге қандайда бір келеңсіздік туындаса бірден бізге хабарласады, бірнеше жылдан бері халық үйренген. Осы тұста айта кетейін, өтініш түскен тұрғындар арасында бізбен келісімшартқа отырған азаматтар шақыруына бірінші барып, алдымен қызмет көрсетеміз. Өйткен, ол тұрғынның алдында біздің мекеменің жауапкершілігі бар.
– Техникалық қызмет үшін төленетін ақының мөлшері қанша?
– Біздің қызметімізге жылына бір рет 4500 теңге төленеді. Өткен жылға қарағанда тариф өсті. Өйткені қызметкерлеріміз арнайы жалақы алмайды, осы тұрғындардың төлемі арқылы күн көріп жатыр. Қазір әр үйді аралап, қай нүктеде ақау барын тексе¬ріп, қадағалап жатырмыз. Техникалық қызмет көрсету ісі жеке үйлерге жылына бір рет жүргізіледі. Егер осы уақыт аралығында үйдегі газ қондырғысынан ақау шығып немесе басқа да қауіпті жағдайлар орын алса, тұрғындар мекемеге хабарласуы тиіс. Көпшілік тұрғындар бұл қызметке салғырт қарайды. Арнайы мамандарды үйлеріне кіргізбейтіндері де бар. Міне, осындай үйлерде ақау туындап шақырғанда аяғың тартпайтыны содан.
– Сіздерге тұрғындар қаншалықты жиі хабарласып тұрады?
– Міне, қазір Кейден ауылынан хабарласып, үйінен газдың иісі шығып тұрғанын хабарлап тұр. Мен дереу қызметкерлерді жібердім. Сол сияқты бізге күніне 12-13 тұрғын хабарласып, өздеріне көмек қажет екенін жеткізеді. Ал, қақаған қыс уақытында, ауа-райының құбылмалы кезеңінде 24-25 өтінішке дейін түсіп, күні-түні жұмыс жасауымызға тура келді. Бізде бар-жоғы 4-5 адам ғана жұмыс істейді. Өйткені жалақы аз болғандықтан көпшілігі жұмыс жасауға ниет танытпайды. 2020 жылы бізге қоғамдық негізде 2 адам беріп, өте жақсы жұмыс жүрген еді. Одан кейін қоғамдық мақсатта қосымша адам берілмеді, сонымен ауданды тегіс аралап шығуға біздің уақытымыз бола бермейді. Дей тұрғанымен, біздің жүйелі жұмысымыздың арқасында ауданда оқыс оқиғалар аздау тіркелді.
– Айтыңызшы, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін халық нені ескергені жөн?
– Газ қондырғыларын дұрыс пайдалану үлкен қауіптің алдын алады. Бірнеше жыл болды, көгілдір от жаңақорғандықтар үшін жылылық пен жайлылық көзіне айналды. Алайда табиғи газ ұқыпты және жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Жақында ғана кентте Әлия Молдағұлова көшесінде үлкен үйдің асханасынан өрт шықты. Ол жерде тұрғындар газ пешті қараусыз қалдырып, салдарынан өрт шыққан. Сондықтан да, көгілдір отын қайғылы жағдайға әкеп соқтырмас үшін газды қауіпсіз пайдаланудың ережесін сақтаған абзал. Күнделікті тәжірибеге сүйенсек, адамдардың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтіндігін көруге болады. Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуын талап етеді. Еліміздің әр аймағында тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан түрлі оқыс оқиғалар болып жатқандығын, күнделікті баспасөз құралдары мен телеарналардан көріп, хабардар болып жүрміз. Газдан улану жағдайы көбінесе УГОП-16 пешін пайдалану кезінде орын алып жатады. Бұл тұтынушылардың пештің жарамдылық жағдайына аса мән бермеуінен, түтіндіктің тартымдылығын уақтылы тексеріп тұрмағандығынан болады. Біз, яғни «ГазАзияСервис» ЖШС қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігіне жауап береміз. Аудан халқы біздің қызметімізге қанықты, жиі хабарласып, өз өтініштерін білдіріп жатады. Газ құбырларын, газ пешті және төрт көзін тазалау, газ жабдықтарын жөндеу сынды мәселелер туындаса бізге хабарласады.
Апат айтып келмейді, рас, қыс айларында тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан кейде қайғылы жағдайлар орын алады. Ал қақаған аязда болатын өрттің әлегі әбігерге түсіреді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін барынша қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.
– Газ құбырларын, газ пешті және төрт көзін тазалау, газ жабдықтарын жөндеу сынды мәселелер туындаса кез келген уақытта тиісті мамандарға хабарласу қажет. Күнделікті тәжірибеге сүйенсек, адамдардың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтіндігін көруге болады.

Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуын талап етеді. Сондықтан да барынша сақтық шараларын сақтауға тиіспіз. Иә, байқағанымыздай, барлық жауапты мекемелер жылу маусымына сақадай сай. Отынын түсіріп, мектеп қазандығын тазалап, пеш құбырларының кем-кетігін түзеген. Қалай болғанда да, қыс – салғырттық пен қателікті кешірмейтін қатал сыншы екенін ұмытпайық. Айта кетерлігі, көмір пеші мен газ пешінің түтін шығаратын мұржаларын мұқият тазалап қойған жөн. Жаз бойы құбырда құстар ұя салып, не шаңға толып қалуы мүмкін. Отбасы амандығы үшін түтін жүретін трубаларға мұқият болу керек.

Сонымен қатар газ плитаны қосқанда жалынның түсін бақылаңыз, егер ол қызғылт сары болса бұл құрылғыда ақауы бар екендігін білдіреді. Бұл жағдай анықталғанда газ мамандарын шақырып, ақауды жою қажет. Жұмыс істеп тұрған газ плиталар мен су жылытқыштарын қараусыз қалдырмаңыз, жанып тұрған жалынның үсіне су құйылып кетпеуін немесе жалынды жел үрлеп, сөніп қалмауын қадағалаған жөн. Мұржада және желдету каналдарында ақау салдары улануға әкеліп соқтырады. Сондықтан жылу беру маусымында мұржалардың тазалығын үнемі тексеріп тұру қажет. Шыны керек, тұрғындардың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтіндігін көруге болады. Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуын талап етеді.
Еліміздің әр аймағында тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан түрлі оқыс оқиғалар болып жатқандығын, күнделікті баспасөз құралдары мен телеарналардан көріп, хабардар болып жүрміз.

Жаңақорған жеріне газ келгеніне 8 жыл болса да, тұрғындардың салғырттығынан апатты жағдайлар тыйылмай тұр. Ауыл тұрғындары да көгілдір отынның игілігін көріп, басы артық бейнеттен қолы босағанымен қауіпсіздік туралы пайым-түсініктері аз. Газ қондырғыларының техникалық ақауын болдырмауда айрықша жауапкершілік мәселесін ұмытуға болмайды. Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталмаған жағдайда тіпті кісі өміріне қатер төндіретін жағдайлар орын алуда. Осындай келеңсіздіктің алдын алуда тұрғындардың техникалық талаптарды сақтау ережелерін жетік білуі маңызды. Газ қауіпсіздігіне әрбір тұрғын сергек қарауы міндетті. Газдың қысымын қадағалап, әр сәт сайын бақылап, дұрыс жанып тұрғанына назар аударып, ұзаққа кідіретін болса газ көздерін бекітіп, өрт болмаудың ереже заңдылығына мән берген дұрыс. Табиғи отынды үнемдеп, қажет кезінде ғана жағып, ысырапшылдыққа мән бермеу маңызды.

Ақпараттық топ құрылып, газға қосылған ауылдарда газ қауіпсіздігі шараларын насихаттап, тұрғындармен кездесу өткізіп жүрміз. Әр мекемеде жоспарлы ақпараттық іс-шаралар атқарылуда. Қоғамдық орындар мен мемлекеттік нысандарда арнайы үнпарақтар ілініп, көше тұрғындарымен блиц сауалнамалар жүргізілді. QR коды бар жадынамалар тұрғындарға таратылды. Осы жадынамада елге қажетті ақпараттар бар.
– Улы газдан уланудың алдын алу үшін нені ескерген жөн?
– Тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш трубаларындағы жарықтар, тазаланбаған түтіндіктер сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, құбырларды уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз. Газ қауіпсіздігін сақтауда қызметкерлеріміз трубаларының ішін ашып, жай-күйін тексеріп, ауыстыру жөнінде нұсқау береді. Газ плитасының көздіктері бітеліп қалған жағдайда жиі тазартып отыру керек. Үйге орнатылған газ қондырғысын жыл сайын қадағалаудан өткізу керек. Бұл мәселелер бойынша күнтізбесі жасалып, мамандарымыз тұрғын жайларды тексерістен өткізіп келеді. Ескертетін жағдай, жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қауіпсіз пайдалануға және желдету арналары мен түтін мұржаларының жарамды жай-күйіне үй иелері жауапты. Өкінішке қарай, үй иелері мұржаларды үнемі тазалап, тексеріп тұруға салғырт қарайды. Мұржаның тұтастығын, оның бітелмеуін және түтіннің тартылуын үнемі тексеріп отыру қажет. Қыс мезгілінде далада тұрған мұржаға мұз қатуы мүмкін, сондықтан оның мұзбен бітелмеуін жіті тексеріп, мұржа қақпағын ашып, мұздан тазарту керек. Газ тұтыну жабдығын пайдалану кезінде улы газ тарағанда газ беруді өшіру автоматикасы бар дабылқаққыш сигнализаторларды орнатқаныңыз жөн.
– Аудан тұрғындары арасында газ қысымы төмендеп кеткен, үйіміз жылымайды деген пікірді айтып жүр? Бұған не дейсіз?
– Иа, ондай сөздерді естідім. Осы сауал төңірегінде арнайы зерттеу жүргізіп те көрдік. Газ қысымы төмендемейді, ол мүмкін емес. Ол тұрғын үйлердің сапасына байланысты. Ондай шағымдар көбіне жаңадан салынған үйлерде жиі айтылады. Жаңа үйлердің басым көпшілігі шлактан салынған, төбесі жұқа, қабырғасы жалаң қабат болып шығады. Сондай-ақ, пластик терезенің резеңкесін екі жылда ауыстырып отыру керек. Ал, бізде терезені бір қондырғаннан кейін оны ешкім жаңадан алмастырмайды. Оның өзі үйдің өз қалпында жылуына кері әсерін тигізіп жатады.
– Улы газдан уланудың белгілері қандай?
– Улы газ пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды. Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ иіссіз болатындықтан тыныс алу ауасының құрамында 0,08% көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы 0,32% дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады (өлім 30 минуттан кейін келеді). Концентрация 1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін өлімге әкеледі.
– Газет бетін пайдаланып оқырмандарға қандай кеңес айтар едіңіз? Аудан тұрғындары­на газды пайдалану кезінде қандай сақтық шараларын, қауіпсіздік жайларын сақтау қажеттігі туралы толығырақ айтсаңыз. Өйткені, мына көгілдір газ бұрынғы сапасыз пропан емес, исі де білінбейтіні елге қиын тиіп тұр.
–Тұрғындар қауіпсіздік шараларын ұмытпай, әр үйдің газ жүйесін тиісті маманына үнемі тексертіп отыруы керек. Бір жыл болса да, бес алты жылдан бері газды пайдаланып отырған үй болса да, жыл сайын газ құбырын, пешті, мұржаны түбегейлі тексертіп алғаны жөн. Әр үй жеке иелікте болғандықтан лицензиясы бар мекемемен келісім-шартқа отырып, үйішілік газ құбырларына қызмет көрсету мамандары жылына екі рет келіп, газ құбырының шүмектерін тексеруі тиіс. Пеш қазандықтарын тексеруі керек. Қыста жылу беру маусымында бір тексертіп алғанның артықтығы жоқ. Газ қазандығының мұржаларын да тексерту керек. Себебі, жаз мезгілінде пайдаланбағандықтан мұржаның түтігіне құс, жарқанат кептеліп қалуы да мүмкін. Яғни пешті жаққан кезде, тартпай қалады да, сол кезде улы газ үйге кері қарай шығады. Табиғи газдың иісі жоқ. Оның жайлап шығып тұрғанын ешкім де сезбей қалады.
– Газ қондырғыларының жарамдылық мерзімі қанша уақыт? Халыққа түсіндіре кетсеңіз?
– Газ пеш ұзақ уақытқа қолдануға болады. Бірақ, жыл сайын кейбір құралдары істен шығуы мүмкін, соны ғана ауыстыру керек. Ал есептегіштің уақыты 5 және 8 жыл сайын терсеріліп тұру керек. Үлкен счетчиктер 8 жыл сайын, кішкентай счетчиктер 5 жыл сайын заңдылығына сай мамандардың тексеруінен өту керек. Егер мамандардың тексерісінен кейін бәрі жақсы жұмыс істеп тұрса, ары қарай 5 жылға тағы рұқсат береді. Осыны тұрғындардың көпшілігі дұрыс түсінбей, бірден счетчикті сатып алып жатыр. Негізі жаңасын сатып алуға міндетті емес, тек тексетуден өткізсе болғаны. Бірақ, мұржаның негізгі жарамдылық уақыты 18 ай. Сол үшін жыл сайын жүйелі тексеруден өткізіп, әрбір адам өзінің қауіпсіздігіне жауапты болу керек.
– Улы газдан улану кезінде қандай көмек көрсетілуі керек?
– Мұндай жағдайда зардап шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Ең бастысы «Жедел жәрдем» қызметін шақыруды ұмытпаңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз. Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныс алу керек. Жауапты маман осылай дейді.
Жоғарыда айтылған ережелерді сақтаған жағдайда ғана өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін қауіп-қатерден аман болатынын ұмытпаңыздар дегіміз келеді.

Әсел РЗАЕВА
02 наурыз 2024 ж. 392 0