Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жайлы мектептің жайы қалай?

Жайлы мектептің жайы қалай?


Апта басында өткен Үкімет отырысында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасының барысы және Су тасқынына әзірлік жағдайы талқыланды. Бірінші мәселе бойынша Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы хабарлама жасады.


Бұл жоба еліміз бойынша оқушы орны тап­шылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін жоюға бағытталды. 2024-2025 жылдар 790 мың оқушыға арналған 369 мектеп салынатын болса, биылғы жаңа оқу жылында 217 мектеп пайдалануға берілуі тиіс деген ол жаңаша форматта жабдықталатын заманауи мектептің ерекшеліктеріне тоқталды.
Мемлекеттік нысанның құрылысы «Самұ­рық-Қазына» арқылы іске асады. Үкімет басшы­сы тиісті салаларға осы бағыттағы міндеттерді уақытылы және сапалы аяқтауды тапсырды.
Келесі кезекте елдегі су тасқыны жағ­дайы туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы баяндады. Казгидрометтің ақпан және наурыз айындағы болжамына сәйкес рес­публиканың оңтүстік шығысы, солтүстік және орталық бөлігінде тәулігіне айлық мөлшерде мол ылғал түседі, осыған сәйкес Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысы елді мекендерінде су басу қаупі бар. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай өңірлерінде қар көп ериді. Осы бағытта жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, су тасқы­ны кезіндегі болуы мүмкін төтенше жағдайларға тас-түйін дайын болу талабын қойды. Республика­лық деңгейде жүріп жатқан «Көктем» дайындық іс-шараларының барысын баяндады.
Үкімет отырысынан соң кеңесте қаралған мәселелер бойынша аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев басқарма басшылары және аудан әкімдері атқаруға тиіс іс-қимылдарды сарапқа салды.
Облысымызда «Жайлы мектеп» ұлттық жо­басы аяснда 12300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. 2024 жылы 10 мектеп, 2025 жылы 11 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда ұлттық жоба аясында құрылысы басталған барлық мектептерде іс-қимыл қар­қын­ды жүруде. Мектептердің құрылысын бірін­ші қыркүйекке дейін аяқтап, ел игілігіне беру жоспарланып отыр.
Бұған мемлекеттік бюджеттен 2023 жылы 19 млрд 600 мың теңге, осы жылға 24 млрд 500 мың теңге бөлініп отыр.
Осы мәселелерге тоқталған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылысты жүргізетін мердігер компаниялармен және «Самұрық-Қазына-Констракшн АҚ» басшыларымен үйле­сімді жұмыс жасалып, жер телімдері белгіленіп берілгені жөнінде айтты. Енді қалған он бір мектепте де жеңімпаздар анықталу қажет, бұл бойынша жобаны үйлестіруші «Самұрық-Қазына-Констракшн» басшылығы мемлекеттік сатып алу конкурстарын жүргізумен айналысуда. Мердігерлерді де солар конкурстық негізде анықтайтынын айтты. Инфрақұрылымды жеткізу бойынша жергілікті бюджеттен 118 мың тең­ге бөлініп жобалық сараптамалық құжаттар әзірленіпті. Инженерлік жүйелердің құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 1 млрд 600 млн теңге бөлінді. Бұл күндері құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер анықталып, жұмыс басталды. Жобаны үйлестіруші «Самұ­рық-Қазына Констракшн» акционерлік қоғамы­ның өкілдерімен «Жол қартасына» сәйкес бизнес жұмыстары қарқын алуға тиіс. Осы бағытта қала, аудан әкімдері мен білім басқармаларына тиісті тапсырмалар берілді.
Су тасқыны жағдайына келсек, 23 ақпандағы жағдай бойынша облыс аумағына секундына 280 куб су түсуде. Аралдан бастап Қызылорда қаласы аумағына дейін өзен арнасында мұз толықтай ұстасқан. Мұздың орташа қалыңдығы 10-20 см аралығын құрайды. Тиісті мамандармен Сырдария өзені арнасындағы және Көксарай су реттегішіндегі судың жағдайы талқыланды. Облыс территориясында алты су қоймасы бар. Оның жалпы сыйымдылығы 34,7 млн кубометр. Су қоймаларына суды барынша жинап алып, Аралға бұрудың, көлдерге құюдың, жайылымды жерлерді суландырудың өзектілігі талқыланды. Жауапты орындар су тасқыны жағдайына дайын болып, бекітілген мекемелер өзен бойында техникалармен сақадай-сай тұруы ескертілді.

Баян ҮСЕЙІНОВА
24 ақпан 2024 ж. 415 0