Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Арайлымның сыршыл әлемі

Арайлымның сыршыл әлемі

«Живопистің тұла бойы тұнып тұрған тарих, Живописті көзбен емес, көңілмен де таниық. Живопись ол айғайлаған өлеңі емес ақынның, Сыры ішінде, тілі ішінде өрнегі ғой ақылдың» – деп ақиқық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, суретші көзбен көргенін оймен түсіне отырып, қағаз бетінде түрлі бояулары мен бояғыш қаламын буынсыз билететін шебер иесі. Көркем табиғаттың көз тоймас бейнесін күлгінді-қызыл бояуларымен бірге сөйлетіп, жүрекке жететін туынды жасаушы тұлға. Міне, осындай ерекше дарындылардың қатарында біздің жас кейіпкеріміз Арайлым да бар. Біз талантты қыздың талабына тәнті болып, бір уақыт шығармашылығымен танысып көрдік.
Шексіз сезім мен сырлы қаламның, ұшқыр қиял мен ширақ шебердің қолынан шыққан әрбір сурет өзіне еріксіз назар аудартып, әлдебір дүниені айтқысы кеп тұратындай. «Сөз түсініксіз болса, суретке мән беремін, сурет те түсініксіз болса үнсіздікке риза боламын» – деген Ансел Адамстың сөзі де осы айтқанымызды айшықтай түсетіндей. Түрлі-түсті бояудың көмегімен табиғатқа тіл бітіріп, суретті сөйлеткен дарынды қылқалам шеберлері қазақ даласында да кенде емес. Картина десе Әбілхан Қастеевтен бастап, Гүлфайруз Мәнсүрқызы, Айша Ғарифқызы сынды он саусағынан өнер тамған суретші шеберлеріміз ойға оралады. Облысымыздың төңірегінде де сурет өнерінің сырымен бөлісетін қылқалам шеберлері бар екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.
Бүгінде қызылордалық 32 суретші Қазақстан суретшілер одағының мүшелігіне енген. Қазіргі таңда 2 суретші өңірлік С.Айтбаев атындағы сурет галереясында жұмыс жасайды. Олар – Темірхан Сағымбаев пен Батырбек Назаров. Аталмыш өнер үйінде Ә.Қастеев, Г.Исмайлова, А.Ғалымбаева, Қ.Мамақов сынды елімізге белгілі суретшілердің картиналары сақталған. Сыр өңіріндегі сурет өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан көркемсурет шеберлерінің бірі – Аманкелді Кененбаев. Қазақ бейнелеу өнерін биіктете түскен сиқырлы қалам иесінің картиналары Германия, Португалия, Израиль, АҚШ, Норвегия, Канада мемлекеттерінде және ТМД-ның бірқатар еліндегі ха лықаралық көрмелерде қойылған. Зымыран уақыттың бір мезетін сурет дәптерінің бір парағында тоқтата қоятын өнер иелерінің ізін жалғаушылардың бар екені көңіл қуантады.
Сондай ескірмес естелік жасаушы жас суретшінің бірі, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылының тумасы – Арайлым Алдаберген.Арайлым сырға толы суреттер ді салудың шебері. Ұшы-қиыры жоқ ұланғайыр даланың ашық аспаны мен қалықтай ұшқан қыранын қағаз бетіне қондыратын ол әңгімесінде: «Бейне бір кескінді суреттеу жаныма тыныштық сыйлайды, содан шабыттанып, өмірге деген көзқарасым өзгереді. Жалпы ойымдағы бейнені қағаз бетіне түсіру бала күнімдегі әдетім. Балалық әдетім хоббиіме айналғанына қазір қуанамын» – дейді.
Жасы 20-ға таяған Арайлымның қылқаламынан шыққан әрбір бейнесі күнделікті күйбең тіршіліктен де басқа әлем бар екенін еске салатындай. Мектеп жасынан сурет салуға деген талпынысын байқата білген оның картиналары бүгінде түрлі аймақтық іс-шаралар мен сурет көрмелерінде көрсетіліп жүр. Арайлымның сурет салудағы қабілетін алғашқылардың бірі болып байқаған мектептегі мұғалімі Шапағат Манабаева. – Арайлым сабақта да өзінің бел сенділігі мен алғырлығын, кез-келген іске қабілеттілігін көрсете білетін. Оның бойында көшбасшылық та бар, өзі қатарлы дос-құрбыларына үлгі болып, жан-жақтылығымен де көзге түскен ол оқуда үздік. Оның салған суреттеріне қарап шығармашылыққа бейімділігін оң талабы мен жоғары талғамын, сыни көзқарасы мен әдемілікке құмарлығын анық байқауға болады, – дейді ұстазы.
Бос уақытын тиімді пайдалануға барынша жағдай жасайтын Арайлым бүгінде Шоқан Уәлиханов атында ғы Көкшетау университетінің 1 курс студенті. Ағылшын және неміс тілі мамандығы бойынша білім алып жатқан ол тіл үйреніп, табиғаты көркем ел жерге саяхат жасағысы келеді. Көрер көзге қуаныш пен керемет сезім сый лайтын сырға толы суреттері оқу ордасында да біршама танылып үлгер ген. Қылқаламынан шыққан туындыла рын сатып алу үшін де сұрайтындар бар екенін жасырмаған кейіпкер сурет салуды кәсіп ретінде қарамайтынын айтады. сөйлейді. Қызылды Сырына жетер жан болса, сурет те жасыл бояуды қою, күңгірт түспен бірге үйлестіріп тілсіз сөйлету – суретшінің шеберлігі. Ал, шебер бар білгенін сұлу сөзбен сипамай, сурет тақтасы мен бояғыш қаламының еркіне қалдырады.
Жамила ЕРМАХАН
28 қаңтар 2024 ж. 470 0