№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнер көкке жеткізер

Өнер көкке жеткізер


Бейнелеу өнері – адам қиялының ұшқырлығын көрсететін шығармашылықтың бір түрі. Бала бойындағы ерекше талантты танып, оны дамыту аса жауапты іс. Дильназ Мусафированы талант иесі десек, оның қабілетін ашуда ата-анасының еңбегі зор. Дарынды Дильназдың шығармашылық шеберханасында барып, сурет өнеріндегі қолтаңбасымен танысып қайттық.


Оның сурет салу бөлмесінен өнерге деген адалдықты көруге болады. Бәрінен бұрын бала қиялынан туған ерекше көркем, ерекше сұлу табиғат әлеміне енгендей күй кешесіз. Сөйтсек, туған жер табиғатын бейнелеу оның сүйікті тақырыбы екен.
Ол бізді тәнті еткен шеберлік құпиясының сырын айтып берді. Аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығында «Сыйқырлы бояулар» үйірмесінде Ербол Пернебаевтан тәлім алып, сурет өнерінің қыр-сырын үйреніп жүр. Байқағанымыз ұстаздарының Дильназға ықыласы ерекше. Оның себебі де жоқ емес. Өйткені әрбір туындысына жауапкершілікпен қарап, ізденіс пен еңбектің ерекше әдісі арқасында пейзаж салады.
– Суретшіге ең қажетті қасиет – шыдамдылық. Кейде бір ұсақ компоненттерін салуға бірнеше ай кетеді. Шығармашылық адамына шабыт көңіл-күй арқылы келеді. Дильназдың ата-анасы нағыз бейнелеу өнерін бағалайтын жандар. Тіпті суретшілер отбасы десем де болады. Арнайы тапсырмадан тыс түрлі тақырыптарда шеберлігін шыңдаудан жүрексінбейді. Алғашында өзім нобайын, эскизінің жобасын сызып беретінмін, уақыт өте бояудың сыйқырын үйреніп, сурет салуды меңгерді. Бүгінде қатысқан әрбір байқаудан жүлдесіз оралған емес, – дейді үйірме жетекшісі Ербол.
Дильназ №3 мектеп-интернатының 9 сыныбында білім алады. Білім ордасында да белсенділігімен көзге түсіп, мектеп басшылығының оң бағасын алған. Ол Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өнерлінің қолы алтын» тақырыбында өткен көрмеде өнері жоғары бағаланып, марапатқа ие болды. Оның «Туған жер, ауыл пейзажы», «Менің Қазақстаным», «Бөлменің ішкі интерьері», «Закат пейзажы», «Натюрморт жемістерден», «Құмырадағы гүл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 26 жыл» және т.б шығармашылық жұмыстары түрлі байқауларда көптің көңілінен шықты.
Сонымен қатар онлайн бай­қауларда да бағын сынап, үнемі ұйымдастырушылар тарапынан шығар­машылық қабілеті алғыссыз қалған емес. 3-24 ақпан күндері аралығында өткен «Өнеге» интел­лектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Таңғажайып картина» байқауында «Қала пейзажы» туындысымен бас жүлдеге ие болды.
Суретші сұлулықты нәзіктікпен қабылдап, лириктің көзімен көреді. Сонда ғана табиғаттың сырын көркем бейнемен өрнектеп, шынайы сұлулықты аша алады. Дильназдың бойында суретшіге тән осындай қасиеттер бар.
– Әрбір шығармашылық адамына шабыт күн ұясына батып, тыныштық орнағанда келетіні сияқты менде осы мезгілде сурет салуға отырамын. Одан бөлек тоқыма тоқу сүйікті ісім. Бос уақытымда әпкелеріме, құрбыларыма сыйлыққа қолсөмке, тұрмыста пайдаланатын түрлі бұйымдар жасай­мын. Соңғы уақытта портрет салуды қолға алдым, – дейді Дильназ.
Кейіпкеріміз бейнелеу өнерін алғаш әкесінен үйреніпті. Отбасында өзінен бөлек ағасы да осы өнерге ден қойған. Гуашь, акварель, қылқаламы мен ақ қағазын Дильназ үнемі өзімен бірге алып жүреді екен. Себебін сұрағанымызда, кез-келген жерде әсем құбылысқа көзі түссе, сол мезетте нобайын сызуға кірісіп кететінін айтты.

Майра ҒАНИЕВА
14 наурыз 2020 ж. 1 786 0