» » АУДАННЫҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ ТЫНЫСЫ

АУДАННЫҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ ТЫНЫСЫ

Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы,
ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан
халықтың рухани келбеті. «Мәдениет
– елдің ең басты рухани байлығы,
асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті
мықты дамыса, сол елдің еңсесі
де биік болады» деген есті сөз ел
жадында. Бүгінде Еуразияның ең бай да
бірегей мәдениетінің қатарына қазақ
мәдениетінің де кіргені біз үшін үлкен
мақтаныш. Дана халқымыз «Өнер –
ұлттың жаны» деп бекер түстемесе
керек. Мәдениет арқылы рухани
тыныстауымыз қазақы қасиетіміздің
қайнары. Сондықтан 2024 жылы ауданда
атқарылатын мәдени-рухани іс-шаралар
жайында тоқталуды жөн көрдік.

– Мыңжылдықтардан тамыр тартатын ұлттық
өнерімізді дәріптеп, өнер саласында өзіндік
ізі қалған тұлғаларды насихаттау бағытында
жүйелі жоспар құрылды. Оның ішінде аудандық,
облыстық, республикалық деңгейдегі іс-шаралар
да бар. Әрине, біздің мәдениет қызметкерлері
жоғары деңгейдегі іс-шараларды қабылдап,
онлайн және офлайн түрде жоғары деңгейде
өткізудің бай тәжірибесі қалыптасты. Осы ретте,
бізді қолдап отырған аудан басшысына алғыс
білдіремін, – дейді Жаңақорған ауданының
мәдениет және спорт бөлімінің басшысы
Әбілқайыр Сыздықов.
Енді бөлім басшысының ақпарымен
жыл бойы мерекелік және атаулы күндерге
орай аудан төрінде түрлі мәдени шаралар
атқарылуы бойынша таразылап көрсек. 15
ақпан – Кеңес Одағы әскерлерінің Ауған
жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына
арналған мәдени-рухани танымдық кеш, 18
сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау
күніне арналған шара, 7 сәуір – Дүниежүзілік
денсаулық сақтау күні, 21 мамыр – Мәдениет
және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне
арналған салтанатты концерт, 31 мамыр – Саяси
қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске
алуға арналған шара,17 маусым – Медицина
қызметкерлерінің күні, 23 маусым – Мемлекеттік
қызметкерлер күні, 1 шілде – Ұлттық домбыра
күні, 10 тамыз – Абай күніне арналған танымдық
кеш, 19 тамыз – Спорт күніне арналса, «Алтын
дән – 2024» атты Жыл үздіктері – 2024» атты
жыл үздіктерін марапаттауға арналған «Үздіктер
шеруі» атты қорытынды мереке ауданның
ауылшаруашылық қызметкерлерінің мерекелік
шарасы өтетін болады.
27 қаңтар 2024 ж. 252 0