Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » БІЛІМДІ ҰЛТ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ

БІЛІМДІ ҰЛТ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ

Бүгін білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы Жаңақорған ауданында жұмыс сапарымен болып, кент орталығындағы №286, №3, №51 орта мектептерінің тыныс тіршілігімен танысып, оқу сапасы, тәрбие үдерісімен әрі білім ошақтарының материалдық-техникалық базасымен танысып, оқушылармен кездесті. Сондай-ақ, мектеп ұстаздарымен сұхбаттасып, білім беру процесінің қыр-сыры жайында ой бөлісті.


– Білімді ұрпақ – ел ертеңі. Тарихы терең дәстүр сабақтастығы білім мен тәрбие арқылы беріледі. Ұлттық құндылыққа қанып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады. Бұл тұрғыда білім саласы қызметкерлеріне артылатын жүк те орасан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мәртебелі мамандық иелеріне деген ықыласы ерекше екенін жақсы білесіздер. Президенттің бастамасымен соңғы жылдары бұл салада реформалар сәтті жүзеге асырылды. Педагогтардың мәртебесін көтеру, ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалып, жүйелі жұмыстар жүруде, – деген басқарма басшысы ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктеді.

Мұнан кейін басқарма басшысы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде болып, қазіргі таңда кәсіби техникалық бағытта білім беріп отырған білім ордасының мамандандырылған кабинеттері мен оқу процесін, техникалық мүмкіндіктерін бағамдады.
18 қаңтар 2024 ж. 411 0