Соңғы жаңалықтар

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Хұсайынқожа - Тәуелсіздік құрдасы

Хұсайынқожа - Тәуелсіздік құрдасы

Жаңақорған өрт сөндіру бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Хұсайынқожа Төлегеновты Тәуелсіздіктің төл құрдасы ретінде көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.


Өрт сөндіруші болу үшін ең алдымен оперативті қимыл жасап дағдылану керек. Қайда бара жатқаныңды, қандай құжаттарды алу керегін және қандай алғашқы көмектерді жасау керек екенін бес саусағыңыздай білгеніңіз дұрыс. Тағы да мынадай қағидалардан сүрінбей өтуіңіз керек. Біріншіден, нормативтерді терең біліп, меңгеру керекпіз. Шыдамды әрі күшті болғаныңыз дұрыс. Кейде, биік ғимараттардан тек заттар ғана емес адамдарды да түсіруге тура келеді. Сондықтан өрт сөндірушіге аса ептіліктің керектігін бағамдай беріңіз, – дейді командир.

Алғаш жұмыс күні қызметіне тосырқай қадам басқан жігіт Көктөбе маңындағы тоғайды шарпыған өртке қарсы тұрды. Төрт күн бойы әріптестерімен бірге қызыл отпен күресіп қалжырап, кең аумақтағы өртті сөндірген сәтте арқадағы ауыр жүк түскендей жеңілдеп, қиын сәттерді ұмытып сала берді.

Өрт сөндіруші Хұсайынқожа Абибуллаұлы Қожакент ауылындағы Исатай Әбдікәрімов атындағы №186 орта мектебін бітіріп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде құқықтану мамандығын тәмамдап, еңбек жолын аудандағы өрт сөндіру бөлімшесінде бастаған.

– Еліміз бізбен бірге есейіп, бізбенен өркендеп жатқанын сезінемін. Ұлы даламның ұлы мұраттарына өз үлесімді қосып, бейбіт күннің мәңгі жарқырауын тілеймін, – деп тілектестігін білдірді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
19 желтоқсан 2023 ж. 116 0