» » ГРЕКИЯ ҚАРАЛЫ КҮНДІ БАСТАН ӨТКЕРДІ

ГРЕКИЯ ҚАРАЛЫ КҮНДІ БАСТАН ӨТКЕРДІ

Oxu-az хабарлайды.
Грецияда соңғы он жылдағы ең алапат өрт болуда. Айналаны шарпыған жалын 77 адамның өмірін жалмап, тағы 150 адам түрлі жарақаттар алған. 

Көптеген саяхатшылар мен жергілікті тұрғындар өрттен қорғану үшін теңізге секірген. Ал өрт жалынынан құтыла алмағандар бір-бірін құшақтаған күйі жан тәсілім еткен.

Қаза болғандардың дені (26 адам) Мати ауылындағы виллалардан табылған. Аталмыш ауылға әдетте балалар мен зейнеткерлер демалуға ағылады.

Теңізге дейін бірнеше метр ғана қалса да, өрттің қоршауында қалғандар тірідей жанып кеткен. 

"Олар аман қалуға барынша тырысқан. Алайда балаларымен бірге тірі қалмайтындарын түсініп, бір-бірін құшақтаған күйі өмірлерімен қош айтысқан", - дейді Қызыл крест өкілі Hикoc Экoнoмпулoc. 

"Мұнда болып жатқан жағдай нағыз тозақтың өзі. Жүздеген өртке оранған көліктер мен үйлерден өткенде, жерде жатқан адамдарды көрдім. Жаман иіс шығып тұрды", - дейді оқиға куәгері. 

Пpeмьep-миниcтp Aлeкcиc Ципpac өзге елдерден өртті сөндіру үшін көмек сұрауда. Елде үш күн аза тұту болмақ.
29 шілде 2018 ж. 1 030 0