» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ


"4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні" мерекесіне орай Рәміздер алаңында салтанатты шара өтті. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы барша жаңақорғандықтар мен шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
Мемлекеттік символикаларымызды ұлықтайтын салтанатты шараға зиялы қауым, үкіметтік емес ұйым өкілдері, барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, белсенді жастар мен кент тұрғындары қатысты.
Салтанатты шараға қатысушылармен бірге, бір мезетте Республика бойынша сағат
10:00 де Мемлекеттік Гимн орындалды.
Мемлекеттік қызметке жаңадан келген екі азамат салатанатты түрде ант қабылдады.
Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің айшықты нышаны болып табылатын Рәміздерімізді кеңінен насихаттау мақсатында "Желбіре көк байрағым" ұранымен аттылы шабандоздар, автовело шерушілер орталық алаңнан сап түзеп М. Көкенов, А. Иманов көшелері арқылы "Қорасан - ата", "Тәуелсіздік" даңғылымен 5 шақырым аралықта жүріп өтті.

Мемлекеттік Рәміздеріміздің тұғыры берік, болашағымыз жарқын болсын!
04 маусым 2023 ж. 300 0