» » Түгіскендегі тілектестік

Түгіскендегі тілектестік

Ауылдағы ағайынның тыныс-тіршілігіне талдау жасап, елмен еркін форматта жүздесіп, тұрғындар көкейіндегі ұсыныс-тілектерін тыңдау үшін аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы елді мекендерге кезекті төртінші сапарын бастады. Аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов және бөлім басшылары бастаған делегат алдымен шалғайдағы ауылдың жай-күйін білуге бет алды.

Су тапшылығын көріп, егіншілік саласын әртараптандыруды қуаттаған Сыр беткейдің диқандары қамбаға астығын жинап, алдағы көктемгі науқанға дайындығын бастапты. Қамыс-қоңқаға толған каналдың көзін ашып, ағын судың еркін көсілуі үшін білек сыбана іске кіріскені байқалады. Күріш озаттары тұратын Аққорған ауылының тұрғындарымен жылы жүздескен аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы биылғы жылы атқарылған жұмыстар төңірегінде сөз етті.

– Жаңақорған ауданының 95 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өттік. Той қарсаңында көркейту-көгалдандыру жұмысы қарқынды ұйымдастырылды. Республикалық ақындар айтысы, 95 түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар өтті. Әр ауылда маусым сайын кездесулер өтіп, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, еленбей жүрген келелі мәселелер өз шешімін тапты. Аққорған ауылында осы кездесуге дейін айтылған 5 мәселені назарымда ұстап, жыл аяғына дейін берген уәдемді орындадым. Тағы да сіздердің алдарыңызға келіп, мұң-мұқтаждарыңызды тыңдауға келдік, –деді.

Расында, аудан әкімінің кездесуінде айтылған бес мәселенің түйіні тарқатылған. Тарқата айтсам, Түгіскен ауылы бойынша электр желілері тозығы жетуіне орай, елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желісі) бойынша демеушілік арқылы жоба сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысын алды. Сонымен қатар, осы жылдың үнемделген қаражат есебінен Түгіскен елді-мекені көшелеріне тартылатын электр желісін жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеуге қажетті қаражат бөлінді. Электр желісінің жалпы сметалық құны анықталған.

Толық нұсқа "Жаңақорған тынысында"
08 желтоқсан 2023 ж. 219 0