№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БҰЗАҚЫ БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

БҰЗАҚЫ БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Мектепте ұстаздарымыз "Аманатқа қиянат жасама, өзгенің еңбегін бағалай біл" деп миымызға күнделікті құюшы еді. Содан болар қиындықпен келген дүниені халыққа жақсылап насихаттауға құмармыз.Былтыр Жаңақорған кенті әкімдігі Садықбек Сапарбеков Атындағы Мектеп жанына ұзыннан ұзын жаяу жүргіншілер жолын салып, жарық фонарларды орнатты.
Ұмытпасам 10 тамыз күні міне жұмыс толық аяқталды, енді мектептен кеш қайтқан оқушыларға дұрыс болатын болды деп атой салып қатты қуандым. Өкінішке орай 25 тамызға дейін сол бір жарық фонарлардың бірде біреуі аман қалмады, сындырды, тепті әйтеуір жаратпай тастады.Биыл жазды күні қыркүйек айына дайындық жүргізіп, кент орталығындағы 51 және 169 орта мектебіне баратын жаяу жүргіншілер үшін жол салып тағы да жарық фонарлар қойып, әп әдемі етіп қойдық. Уф дегеніміз жоқ, әп сәтте ақ іші пысқан балалар таспен сындырып, оны да жаратпады. Сындырған балалар да табылды, ата - аналарына балаларының жасаған бұзақылықтарын айтып еді балаға ұрсудың орнына балаларын қорғаштап, қайта әкімдік қызметкерлеріне бас салды. Мейлі ғой ұсақ бұзақылық жасаған балаларды бүгін ата - аналары қорғаштап тұр, ал ертең ауыр қылмыс жасаған балаларды сол ата - аналар қорғап қала алады ма? Қазірден тәйт демеген ата - ананың ертеңгі күні соры болатыны да бар.Дастархан басында өнегелі әңгіме айтудың орнына "Өй мен бала кезімде атаман болғанмын, ананы ұрғанмын, мынаны қиратқанмын" деп әкелері мақтанып отырғанды көрген бала әкесінің жолын қуып, одан да асып кеткісі келетінін сезбейміз ғой.Айта берсең сөздің мәнісі кетеді. Түсінген адамға осыда жетерлік.
Нурбол Бакировтың фейсбук парақшасынан



09 қараша 2023 ж. 152 0