Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 557

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Карантиндік зиянкестерге қарсы жүргізілетін агротехникалық шаралар.

Карантиндік зиянкестерге қарсы жүргізілетін агротехникалық шаралар.

Карантндік объектілер – өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, республика аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, Еуразиялық экономикалық одақтың біріңғай тізбесіне және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктер зиянкесі, аруын қоздырғыштар  немесе арамшөп.


Республика ішінде карантиндік зиянкестерден- қауын шыбыны, шығыс жеміс жемірі, комсток сымыры, американдық ақ көбелек,

калифорниялық қалқаншалы сымыры, жұпсыз жібек көбелегі, капр қоңызы, батыс гүл трипсі, қамба зиянкестері, қызанақ күйесі таралған. Оның ішінде біздің облысымызда кездесетіні қауын шыбыны мен, калифорниялық қалқаншалы сымыры.

Карантиндік зиянкестермен күресу үшін химиялық өңдеу жеткіліксіз.  Қауын шыбыны негізінен бақша өнімдерін зақымдайды. Қауын шыбынының қуыршақтарының қыстап шығуын азайту үшін егіс егілген жердегі түйнектерді, қалдықтарды жинап өртеу, тереңдетіп көму, суға бастыру, күзде сүдігер жырту т.б агротехникалық шараларды жүргізілуі тиіс.

Калифорниялық қалқаншалы сымыры көбіне жеміс ағаштары мен әр түрлі ағаштарға зиян келтітетін болғандықтан, залалданған бұтақтарды кесіп алып , жинап өртеп отыру керек. Күзде ағаштардың астындағы қалдықтарды да жинап өртеп тастаған дұрыс.

Өсімдіктер карантині жөніндегі  инспекторы            Д.Үсенова
02 қазан 2023 ж. 451 0