№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Карантиндік арамшөптермен күресудің маңыздылығы

Карантиндік арамшөптермен күресудің маңыздылығы

Карантиндік арамшөптер –белгілі бір өңірде жоқ және аз таралған, бірақ өте тез таралуға бейім келетін арамшөптердің аса зиянды түрлері.
Белгілі бір аймақта өсетін карантиндік арамшөптер басқа елден, басқа жерден алынатын астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы таралады. Жаңа жерге түскен арамшөп тұқымы бұрынғы өсетін жерімен салыстырғанда өрши түседі.
Біздің ауданымызда екі карантиндік арамшөп таралған, олар - жатаған у кекіре және арамсояу(сарышырмауық). Жатаған у кекіре - гүлділер тұқымына жататын атпатамырлы көпжылдық арамшөп. Өміршеңдігі өте жоғары болғандықтан аса қауіпті арамшөптер қатарына жатады.Тамыр жүйесі өте қуатты және күрделі болады. Тіке кететін тамыры 3-8 м тереңдікке дейін жетіп, жер асты суларынан нәр алатын мүмкіндігі бар. Осының арқасында шөлге өте төзімді. Кекіре өскен алқаптарда өсірілген бидайдан шығарылған нан өнімдері жарамсыз болады, оны тек малға азық есебінде пайдаланады.
Арамсояу(сарышырмауық) - шырмауық туыстарына жататын паразиттік арамшөп. Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігіне зиян жасайды. Жоңышқа, көкөніс, бақша, картоп, мақсары т.б егістерге көп зиян келтіреді. Негізінен тұқым арқылы көбееді, үзіліп түскен сабақтарымен де көбейе алады. Жабысқан өсімдіктердің қорегін пайдаланып, оның өсіп өркендеуін тежейді, өнімділігін күрт төмендетіп жібереді.Тұқымы топырақта ұзақ сақталады, малдың ішінен өміршеңдігі жойылмай түседі.
Күресу әдістері: Кекірені химиялық жолмен және агротехникалық әдістермен жоюға болады. Арамсояуды жекелеген өсімдіктерге жабысқан жағдайда, сол өсімдікті жұлып алып, жояды. Жоңышқалықта ойдым-ойдым кездессе, сол жерлерді артығымен орап орып  алып тастайды. Өте қатты көбейіп кетсе, гүлдеуге жеткізбей, тықырлап орып алған жөн. Химиялық жолмен күрескенде де, гүлдеуге жеткізбей өңдеу керек.
Карантиндік күрес шаралары :  Басқа елдерден,  аудандардан, облыстардан алынған астық, тұқым тексеруден өткізіледі. Карантиндік арамшөппен ластанған  тұқым себуге рұқсат етілмейді, карантиндік арамшөп араласқан астық бөлек сақталады, сондай-ақ азық-түлік, жем және техникалық мақсаттарға арналған дән мен тұқым арнайы өңдеуден өткеннен кейін пайдаланылады.

      Д.Үсенова,
Жаңақорған  аудандық аумақтық
 инспекциясының өсімдіктер карантині
жөніндегі мемлекеттік инспекторы     
 

11 қыркүйек 2020 ж. 1 650 0