Фитосанитариялық және карантиндік сертификат қандай құжат және оны қайдан аламыз
Фитосанитариялық сертификат- карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат. Карантиндік сертификат-мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат.
Карантинге жатқызылған өнім дегеніміз - карантинді объектілерді тасығыштар болуы және олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнім тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік фитосанитариялық шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар.
«Өсімдіктер карантині туралы » Қазақстан Республикасының 1999жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңына сай карантинге жатқызылған өнімдерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге – өнімнің фитосанитариялық сертификаты, республика ішінде облысаралық тасымалдауға өнімнің карантиндік сертификаты болған жағдайда рұқсат етіледі. Карантиндік сертификат өнімнің карантиндік жай-күйін бастапқы тиеп жөнелту орнында және екінші рет межелі келіп түскен орнында куәландырылады.
Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды алу үшінқызмет алушы «электронды үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі Аргоөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекциясының аумақтық инспекцияларына өтініш береді. Өтінішті келіп түскен күні тіркейді. Сағат17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі. Фитосанитариялық сертификат беру 3 жұмыс күні ішінде қағаз түрінде, карантиндік сертификат беру 1 жұмыс күнінде «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы рәсімделеді. Құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартылып, қызметті алушыға жолданады.
Карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен, қажет болған жағдайда, үлгілерді іріктей отырып, карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады;
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан аумағында тасуға карантиндік сертификат беру және республика аумағынан тыс жерге тасуға фитосанитариялық сертификаттар беру немесе оны беруден уәжді бас тартуды тез бұзылатын өнімдерге (жемістер, жидектер,көкөністер,бақша дақылдары) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №131 бұйрығымен бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын 7 күнтізбелік күннен асырмай карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса берілген өтініш келіп түскен жағдайда 3 сағат ішінде рәсімделетінін мәлімдейміз.
Д.Үсенова
Өсімдіктер карантині жөніндегі инспектор