» » Қызылордада өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Қызылордада өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы прокуратурасын, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін,  өзара іс-қимыл алгоритмдері бойынша жұмылдырылатын арнайы және шұғыл қызметтерді қатыстыра отырып, Қызылорда қаласынан 7 км арақашықтықта орналасқан «Пригородный» орманшылығы аумағында “Орман-дала өрттерін сөндіру” тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.


Шартты өрттің жоспарына сәйкес 2023 жылғы 26 қыркүйекте 16 сағат 00 минутта Қызылорда қаласы “Эдельвейс” саяжайының маңында, Шіркейлі каналының оң  жақ жағалауында қураған шөп жанып жатқаны туралы «112» құтқару қызметіне хабарлама түсті. Хабарлама бойынша №2 жоғарғы шақырту рангысымен 4 өрт сөндіру бөлімдерінен күш-құралдар жолданды. Алғашқы болып оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімінің барлау жұмыстары барысында қызыл кітапқа енгізілген  шеңгел, тораңғыл, сексеуілі бар 2 гектар жерді дауыл салдарынан жалын шарпып жатқандығын анықтады.
Өрт сөндіру қызметінің, Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің, Ұлттық ұланның, Жергілікті полицияның, арнайы қызметтердің біріккен әрі жедел іс- әрекеттерінің нәтижесінде өрт 50 минут ішінде толық сөндірілді.  Оқу-жаттығуға барлығы 143 қызметкер 30  техникасымен  жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысы 3 кезеңнен болды.  Атап айтқанда, жұмылдырылған барлық қызметтермен бірлесе отырып, дала алқаптарындағы өрттерді сөндіру, зардап шегушілерді  кинологиялық есеп күшімен құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсету, өрттің таралу аумақтарынан тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Н. Ибрагимов құрылымдардың жұмысына оң бағасын берді.
27 қыркүйек 2023 ж. 177 0