№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

№64 (8978) 25

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада 20 тонна жіп тиген жүк көлігі өртенді

Қызылордада 20 тонна жіп тиген жүк көлігі өртенді


Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында Ресейге бет алған 20 тонна орама жіп тиелген жүк көлігі өртенді. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға 30 маусымда «Шымкент-Самара» тас жолының Жаңақорған ауданы аумағында болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған жүк көлігі ортқа оранған.
«Бұл жайындағы хабарлама сағат 5.33-те аудандық №14 өрт сөндіру бөлімінің бекетіне келіп түсті. Оқиға Жаңақорған ауданының орталығына 45 шақырым қалған аумақта болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған көлік тіркемесінде 20 тонна орама жіп тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен көліктің кабинасы толықтай сақталып қалды. Өрт 07.22-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталуда», – делінген хабарламада.
01 шілде 2021 ж. 670 0