Жолдауға қолдау білдірген ауыл
Облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ойшыұлы, аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Мажитов Арман Әбліпейсұлы, аудандық мәслихат депутаты Жаңабек Тұрлыбеков және Бибасарова Лаура Абилханқызы Президенттің Жолдауын насихаттау мақсатында Қыраш ауылының тұрғындарымен кездесті.
Ауыл ақсақалдары, мәдениет саласы мамандары және жастар қауымымен кездескен жиында алғаш болып сөз бастаған Жанкелді Ойшыұлы "Біздер елімізге деген еңбегімізді аямауымыз керек. Ол үшін отбасындағы балаларымыз оқып білім алып, тәлім мен тәрбие терсе, адалдық пен адами құндылықтарды құнттай білсе, елім, жерім деп қызмет атқарса алдыңғы қатардағы отыз мемлекеттің ортасынан орын алу орындалатын мақсат. Осы жолда еліміздің ертеңіне, болашағына сеніммен қарайтынымыз да жасырын емес. Сондықтан күшті, қуатты мемлекет боламыз десек ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысуымыз керек. Биылғы жолдау осыған бастайтын басты құжат" - деп Жолдаудың негізгі басым бағыттарына тоқталып өтті.
Одан әрі А.Мажитов, Ж.Тұрлыбеков, Л.Бибасарова Жолдаудың маңызы мен партияның "Ауыл аманаты", "Жер аманаты" жобалары мен Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылу барысына да тоқталып өтті.
#AMANAT