Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күре жолдың бойында автокөлік жүргізушілеріне тәртіп күшейтіледі

Күре жолдың бойында автокөлік жүргізушілеріне тәртіп күшейтіледі

Kyzylorda-news.kz.  Қазіргі уақытта Тереңөзек кенті мен Қызылорда қаласы аралығында жол қозғалысын реттеу – маңызды рөл ойнайды. Өріске жайылған малдар кептеліс туындатып, жол апатының орын алуына себепкер атануда. Өз кезегінде Асқар Тоқмағамбетов ауылының әкімі Ғ.Алданазаров аталған мәселеге қатысты пікір білдірді. 


– Көліктер жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. Көлік түрлері мен олар-дың санының артуына байланысты жол-көлік оқиғаларының саны өсіп, адам өлімі көбеюде. Бұған жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болатын адамдар санының әлем бойынша қатерлі ісік пен жүрек-қан тамыр ауруларынан кейін үшінші орынға шығуы дәлел. Жылдамдықты асырып, жол ережесі талаптарын сақтамау – жантүршігерлік жол апаттарының басты себептері. Соның салдарынан жол үстіндегі апаттан қаншама тағдыр үзіліп, қайғылы оқиғадан мүгедек болып жатқандар көп. Жоғары жылдамдықпен жүруді әдетке айналдырғандардың кесірінен елімізде жол-көлік апаты жиілейді. Бүгінде құқық қорғау қызметкерлері азаматтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар ұсынымдар енгізіп, автокөлік иелеріне жол қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Негізі барлық жол-көлік оқиғалары жүргізушінің жауапкершілігімен тікелей байланысты болады. Белгіленген жылдамдықтан асыру, мас күйінде көлікті басқару, басып озу ережесін бұзып қарама-қарсы жолға шығып кету қайғылы жағдайға душар етуде. Сонымен қатар жол қиылысы ережесін сақтамай, жол кезегін бұзу, ақауы бар көлікті басқару, арақашықтықты сақтамау, адамдарды тасымалдау және жаяу жүргіншілер ережесін бұзу секілді факторлар жол-көлік оқиғасын көбейтуде. Мұнан бөлек ауданда мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар көп. Мал иелері (бақташылар) малды қадағалау мен бақылауға көбіне немқұрайлы қарайды. Соның салдарынан үй жануарларының кешкі мезгілде тас жолдардың жүріс бөліктеріне шығып кетеді. Содан автокөліктермен соқтығысып, аяғы қайғылы оқиғалармен аяқталады. Осыған орай мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар кешкі мезгілде малды қадағалаусыз қалдырмауы тиіс, – деді ауыл әкімі.
Жалпы әркім «жол ережесін қатаң сақтау» деген қарапайым ғана қағиданы естен шығармауы қажет. Жол ережесін сақтау – әрбір адамның өз өміріне деген жауапкершілігі әрі бірден-бір кепілдігі. «Темір тұлпар» тізгіндегендердің тәртібі түзелмей, әр жүргінші өз жауапкершілігін жете түсінбей, жағдайдың оңға басуы қиын. Сондықтан жолда жүргенде абай болған жөн!
19 шілде 2023 ж. 116 0