Жол апатына түскен кісіні құтқару үшін көлікті кесуге тура келді
Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында Сейфуллин көшесіне жетпей жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады sputniknews.kz.
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Camry 55 көлігі әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен келе жатады. Марков көшесінен өте бере неге екені белгісіз жүргізуші рөлге ие бола алмай, бір жаққа ығысып, бордюрге шығып, жарнама билбордын бір-ақ құлатты, содан соң көлік жолдан шығып, үш шыршаны таптап кеткен. Артынша көлік аударылып, быт-шыты шықты. Жол апаты орнына куәгерлер жеткенде көлік бір бүйіріне аударылып жатқан. Олар көлікті төрт тағандатып қоюға көмектесті. Құтқару қызметі шақырылып, олар жүргізушіні шығарып алу үшін, көліктің есігін кесіп алған. Ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатының мән-жайын анықтайды.