№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Көлік апаты көбейді, кінәлі кім?

Көлік апаты көбейді, кінәлі кім?


Жылына көлік апатының салдарынан әлем бойынша шамамен алғанда 1 миллионнан аса адам көз жұмады. Олардың арасында жастар мен жасөспірімдер де бар. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында адам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандардың басым бөлігі – жұмысқа қабілетті жастағылар. Ойлана келе, жол апаттарының себебі неде деген сұрақ туындайды.


Біріншіден, жол апатына ең алдымен жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы, масаң күйде көлік басқаруы, жол қозғалысы ережелерін сақтамауы әсер етеді.
Екіншіден, жолдарда ұсақ және ірі қара малдың жол қозғалысына кедергі келтіруі, жаяу жүргіншілердің тиісті жолақпен жүрмеуі және т.б. себеп болады.
Үшіншіден, көліктердің техникалық жағдайы мен жолдардың жай-күйі де әсер етеді.
Жыл басынан бері облыс көлемінде адам өліміне немесе жарақат алуға әкеп соққан 266 жол көлік оқиғасы тіркелді. Ал, аудан көлемінде 2020 жылы 20 жол апаты тіркеліп, салдарынан 29 адам түрлі жарақаттар алып, 5 адам қаза тапты. 2021 жылы 24 жол көлік оқиғасы орын алды. 32 адам түрлі жарақат алса, 3 жолаушы қайтыс болды. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайыз өсім бар.
Жол апатының көбі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолында орын алса, қалғаны ішкі жолдарда тіркелді. Мәселен, 2021 жылы 27 шілдесінде сағат 19.30 шамасында бұрын көлік басқару құқығынан айырылған және жеңіл дәрежедегі масаң Д есімді азамат автокөлікті Қосүйеңкі ауылы, С.Сариев көшесінің бойымен айдап келе жатып, 5 жасар баланы қағып, жасөспірім жедел-жәрдем көлігінің ішінде қайтыс болды. Аталған оқиға бойынша СДТТБТ-не 27.07.2021ж ҚК-тің 346-бабы 5-бөлігімен қылмыстық іс тіркелдіп, кінәлі қамауға алынды.
Осы орайда атқарылған шараларға тоқталар болсақ, аудан прокуроры Дарын Әбіш 20-27 тамызында кент және ауылдық округ тұрғындармен кездесулер өткізіп, қылмыстың профилактикасы жөнінде, оның ішінде жол-көлік оқиғаларын азайту, олардың алдын-алу бағытында түсіндірме жүргізді. Оған қоса аудандық прокуратураның бастамасымен аудандық полиция бөлімі бірлесіп, қадағалау аймағында «Сергек жүргізуші» профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ, жергілікті тұр­ғындарды алкогольден, есірткіден және басқа уытқұмарлық заттардан, масаң күйде көлік жүргізудің құқықтық салдарын түсіндіріп, жол көлік оқиғаларының алдын алу болды. Тақырыбы бойынша аудандық прокуратура арнайы буклет жасап, жүргізушілерге таратты. Онда заң талаптарын қатаң ұстану ескертілген.
Полиция бөлімі «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Мас жүргізуші қылмыскер», «Учаскі» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданып, азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты тамыз айында аудандық прокуратура алдағы уақытта қылмыстар мен оған ықпал еткен себеп-салдарларды болдырмауға, алдын алу­ға бағытталған іс-шаралар белгілеп, орындалуын қамтамасыз ету үшін әрбір учаскелік полиция инспекторы жұмыс жүргізді. Яғни алкоголь өнімінің айналымын қатаң бақылау, халық арасында про­филактикалық бағыттағы насихат жұмыс­тарын тұрақты түрде кеңінен жүргізілуін қамтамасыз ету, ауданда кезең-кезеңмен сапалы бейнебақылау орнату, жылдамдық өлшегіш құрылғыларын орнату жөнінде аудандық әкімдікке ұсыныс енгізді.
Қорыта келе, жол-көлік оқиғаларының алдын алу тек құзырлы органдардың жұмысы емес. Бұл – бүкіл ел болып атсалысатын, қоғам болып ойланатын іс екенін ұмытпаған жөн. Ең бастысы, жүргізушілер көлік басқару кезінде жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Көлік апатына кінәлі іздеп емес, оны болдырмаудың жолын жүйелеген дұрыс.

Мейіржан ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ,
аудандық прокуратураның тағылымдамадан өтушісі
12 қазан 2021 ж. 411 0